ҚЫСҚЫ ТРЕНД ҚАНДАЙ?

Биылғы қыста сырт киімдерде «тедди» стильі трендте. Киімге қарай түстері де өзгере бермек. Мұндай образдар кез-келген аруға бірден жараса кетеді. Ал қымбат шуба сатып алғыңызкелсе, оның ақ немесе ашық түстерін таңдағаныңыз жөн. Себебі, биыл ашық түстер сәәне. Сатып алғыңыз келсе, жеңілдетілген бағада да тауып алуыңызға болады. Және де «кейп» . Бұл сырт киімнің қарапайым пальтодан ерекшелігі – қолсыз келеді. Отандық дизайнерлер осы жылы мұндай пальтолардың сәнде екенін айтып отыр. Ал, егер қарапайым сырт киім таңдағыларыңыз келсе, қыстың суығында ауырып қалмас үшін теріден немесе кашемирден тігілген пальто таңдағаныңыз абзал. Егер қалың киінбейтін болсаңыз, «драп» пальтолары да ыңғайлы. Тіпті, бірнеше жылдардан бері «этно стиль» трендте. Өз қалауыңызша отандық дизайнерлердің көмегімен киімдеріңізді қазақша нұсқаға айналдырып алуыңызға әбден болады. Тоқымадан тоқылған кардигандарды да ойланбастан сатып ала беріңіз. Тек оған сәнді белдіктерді тағуды ұмытпасаңыз болғаны. Ең бастысы өзіңізге жарасымды киініп, әр кез көңілге қонымды түстерді таңдап, дене-бітіміңізге сай стильде жүргеніңіз жөн.
Киімдерді дұрыс таңдағыңыз келсе, алдымен өмір салтыңызға мән беріңіз. Күнделікті өмірде қарапайым киінгеніңіз дұрыс. Ең бастысы гардеробыңызды сапалы киімдермен толықтыруды әдетке айналдырыңыз. Сән мен сымбатыңыз үйлесімін тапса, әлем де ажарлана түспек.