Биыл қандай киімдер трендте
Қай кезде де трендтегі киімдер мен сән әлеміндегі соңғы жаңалықтарды қалт жібермейтін сұлулар бар. Өйткені, олар сәнді киім елдің назарында жүруге, өзін ерекше сезінуге таптырмас құрал екенін біледі. Ендеше, 2019 жылы қандай киімдер трендте болатынын бірге көрелік.Әлемдік дизайнерлердің айтуынша, биыл – батыл бойжеткендер жылы. Себебі, биыл сәнді саналатын көлемді қолсөмкелер, жалпақ бас киімдер мен үлкен сырғалар, былғары белдемшелер мен жолақты, жылтырақ көйлектер кез келген қыздың гардеробынан табыла қоятын образдар емес. Сондай-ақ, қыста тізеден жоғары былғары сырт киімдер мен теріден жасалған қалпақтар, жазда ашық түсті кең балақты шалбарлар мен комбинезондар, сарафандар сәнге айналмақ. Ал, британдық Who What Wear ресурсының мәлімдеуінше, биыл денеге жабысып тұратын шолақ шалбарлар, жеңсіз топиктер, винтаж стиліндегі гүлді көйлектер, сексенінші жылдардағы джинсылар сән әлеміне қайта оралады.
Pantone түстер институтының мамандары 6 желтоқсан күні Майамиде өткен Art Basel көркем сурет жәрмеңкесінде 2019 жылы сарының шабдалыға жақын реңі, яғни, маржан түс сәнге енетінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде өндірісте осы түстегі жиһаздар мен киімдер, гаджеттер шығып жатыр.
Өткен жылы 16-18 қарашада Алматы қаласында өткен «Kazakhstan fashion week» сән апталығында шетелдік және қазақстандық дизайнерлер биылғы жылдың жаңа топтамаларын ұсынды. Сән апталығында дизайнерлердің топтамаларынан биыл жеңі кең пішілген киімдердің, атлас бөлігі бар жакеттердің, күміс және алтын түстес жылтырақ көйлектердің, тор көзді және жолақты киімдердің трендке енетінін топшылауға болады.
Ендеше, сәнге құштар сұлулар 2019 жылды осындай ерекше киімдермен қарсы алуға дайындықты бастай бергені ләзім. Себебі, бұған дейін, яғни, өткен жылы сұрықсыз кроссовкалар мен жейделер, кең, мол кардигандар сәнде болған еді.
Дайындаған Жұлдызай Ноғайбайқызы