Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СӘН мен СЫМБАТ

СӘН мен СЫМБАТ


«Адам көркі шүберек» демекші, сән әлемінің жылдағы жаңалығын, қандай түстің сәнге айналарын білуге ынтығып жүретін нәзік жандыларға қызықты ақпараттар ұсынбақпыз.
Талғам мен таңдауға ерік беріп, жа­ңа жылдық мерекеге киім таңдау үшін сауда үйлеріне қарай бет алған жандардың қатары қалыңдай түсті. Сондықтан, саудагерлер де 2018 жылы қандай түс, қандай киім үлгісі сән әле­мінде үстемдік құратынын білгені абзал. Табалдырықтан аттағалы тұ­ған ит жылында «Pantone» зерттеу орталығы ең сәнді түс – Ultra Violet күлгін реңі болатынын хабарлады. Сондай-ақ, сол орталықтың колористері күлгін түс­тің 2018 жылы танымал болатынына бәс тіге отырып, «18-3838» нө­мірімен таңбаланған реңк адамдарды шығармашылық ізденістерге шабыттандырады», – деп хабарлады. Айта кетейік, «Pantone» зерттеу орталығы 2000 жылдан бері 12 айдың негізгі тү­сін анықтаумен айналысып келеді.

Ішік таңдай білесіз бе?
Қыс мезгілінде классикалық үлгі­дегі ыңғайлы ішіктер сәнде болады. Бұрынғы кездері ішікті тек қаражаты көтеретін және жасы үлкейген әйел­дер ғана кисе, қазіргі кезде дизайнерлер ішіктің барлық жастағы бойжеткендер мен әйелдерге жараса­тын және қолжетімді жасанды түр­лерін ұсынуда. Суық күндерге табиғи теріден жасалған ұзын терілі ішіктер жақсы келеді. Мұндай ішіктер қырқылмаған теріден болғаны жөн. Себебі олар ауыр көрінгенімен, өте жылы болады. Егер теріні дұрыс өңдесе жеңіл де болады. Түрлі түсті тері ішіктің классикалық болып сана­латын табиғи реңкті түрлері кең таралған. Ерекшеленгісі келетін сән­қой бойжеткендерге Tadashi Shoji, Anya Hindmarch, Ellery, Miu Miu ұсынған секілді жүзім шарапы түстес, қою көк және ашық түстерді таңдауға болады. Подиумдардан қымбат табиғи терімен қатар түрлі түсті жасанды ішіктер де орын алды.
Сонымен қатар, гүлді принт, гүл­дерге деген махаббат дизайнерлердің ойынан жыл бойына кетер емес. Гүлді ішік кисеңіз, барлық зейін сізде болары анық. Мұндай киім үлгісі жұмсақ әрі жеңіл көрінеді. Сондықтан мұндай ішікпен өте нәзік аяқ киімдер үйлесім табады. Жас бойжеткендерге жарасатын тағы бір тренд – тері жилет. Кей сән үйлері өз топтамаларына ұзын жилеттерді де қосты. Оларды шалбарлы костюмнің, көлемді жемпірлердің және тоқылған көйлектердің сыртынан киюге болады.
Табысты болу үшін Жаңа жылды қандай көйлекпен қарсы алу керек?
Зерттеушілердің пікірінше, алдағы жылды «сары ит» қамқорлығына алады. Олай болса, жаңа жыл кешіне алтын түстес көйлек таң­даңыз. Ол қаржылай сәттілікті тартуға көмектеседі. Сондай-ақ, мұндай киімде сіз өзіңізді кеш ханшайымы ретінде сезіне аласыз. Тек сары түс емес, бұл жылы қоңырқай түстер кию де сәттілік алып келмек. Егер оны көңілсіз түс деп санасаңыз, табиғаттың ашық түстерін таңдауыңызға да болады. Мәселен, жасыл, көк немесе құм түс­тес көйлектер. Тек, жоғарыда аталған киімдерге алтын түстес және табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдар тақсаңыз керемет үйлеседі.
Жылтыраған мата, металлданған жіп, пайетка, жапсырмалы мон­шақ­тармен безендірілген күміс түсті көйлектер де подиумдардан орын тапты. «Металл» көйлектердің көпшілігі кештерге арналып қарапайым пішінде жасалған. Ал, мұндай көйлектерге артық әшекейдің керегі жоқ.
Айта кету керек, жаңа жылдық киім үлгісіне ер азаматтар да үлкен мән береді. Егер жігіттер ашық түстерді киюге ұялса, онда өзіне үйреншікті сұр немесе қара костюмдерін кие берсе болады. Бар болғаны жейдеңізді немесе галстугыңызды жаңа жылдық түске сәйкестендірсеңіз жетіп жатыр. Ал, жаңа 2018 жылды жұбымен қарсы алуды жоспарлағандар болса, онда бір-біріңізге үйлесетін ұқсас киім киюге кеңес береміз.

Сән мен сымбатыңыз үйлесімді болсын де­сеңіз...
Жаңа келер жылда сәнді әрі стильді көрінгіңіз келсе, гардеробыңыздан орын алу керек киімдерге көз жүгіртіңіз. Шалбарлы костюм 2018 жылдағы басты тренд. Дизайнерлер мұндай костюмнің ішінен қарапайым ақ футболка немесе ерекше жейде киюді ұсынады. Өзіңізді бірыңғай қою түсті шалбарлы костюммен шектемеңіз. 2018 жылы жолақ пен тор да сәнде болады. Сонымен қатар, 2018 жылы кең үлгідегі жемпірлерге көз салған жөн. Мұндай жемпірді шалбармен де, белдемшемен де үйлестіруге болады. Ол жылы болуымен қатар, өте сәнді көрінеді. Егер сәнді шалбар іздеп жүрсеңіз, клеш шалбарларды да назардан тыс қалдырмаңыз. Мұндай шалбар аяқты ұзартып көрсетеді. Клеш шалбар жейдемен және жемпірмен жараса береді.

Ақбота Орынбасар.
31 желтоқсан 2017 ж. 4 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031