Қысқы киім үлгісі қандай болмақ?
«Сән дегеніміздің өзі уақыт өте келе сән әлемінен ығыстырылып жатқан нәрсе» деген екен әйгілі Коко Шанель. Бүгінгі күнгі сән үлгісі өзіндік стиль мен әркімнің тәуелсіз талғамына сүйенуімен ерекше. Қанша уақыт өтсе де, әлемді құтқаратын сұлулыққа құштарлық, сән әлеміндегі өзгеріс көпшілікті толғандыратын мәңгілік тақырыптардың бірі болып қала беретіні мәлім. Сән әлемінің нәзікжандылар үшін орны ерекше. Трендтен қалмайтын қылықтыларды биыл не күтіп тұр? Яки, биыл қандай түс, қандай киім сәнге айналмақ, саралап көрелік.
Сән әлемінде өткен ХХ ғасырдағы киім кию үлгісін өзіндік эстетикалық, ұлттық және философиялық ерекшеліктеріне қарап, бірнеше онжылдықтарға бөлу дәстүрі қалыптасқан: 40 жылдары – әскери киім үлгілерінің жаппай белең алуы; 50 жылдары – париждік шиктің гүлдену дәуірі; 60 жылдары – ағылшындық эксцентрика десек, 70 жылдары – хиппизм; 80 жылдары – итальяндық тенденциялар басым болса, 90 жылдары – жапондық дамыған жоғары технология заманы болды. Сол кезеңдегі киім кию үлгісі сән әлемінде өзіндік стильдер туғызды.

«Who What Wear» порталының стилистері 2022 жылдың ең сәнді түстерін атады. «Сән брендтері маусымнан тыс топтамаларды шығарған кезде, мен олардың ассортиментін зерттедім, содан кейін жиі кездесетін алты түсті таңдадым», – дейді редактор Максин Эггенбергер. Оның айтуынша, 2022 жылы ең танымал болатын түс – қоңыр-сарғыш. Әсіресе, пальто мен жейде осы түсте болса сәнді болмақ. Сондай-ақ, ашық күлгін және мандарин түстері кіреді. Зәйтүн және бургунд түсінде костюм-шалбар, көйлек және жемпір кисеңіз, кез келген жерде сәнді көрінесіз. Шоколад түсті киімдер мен аксессуарлар да ерекше назарда болады. Осы түстегі былғары шалбар, атласты көйлек және көлемді сөмкелер сәнге айналмақ.
Жылулық пен сұлулық
Қаһарлы қыстың қаңтар айын да аяқтап қалдық. Ендеше, суық күнде де сұлу әрі жылы жүру үшін қыстық топтамаларды да айта өткенді жөн көрдік. Сыртқы киімдердің негізгі қызметі аяздан, желден және кез-келген құбылмалы ауа-райынан қорғау және жылыту. Дегенмен, оның да сәнді түрін таңдап, денеңізге қонымды, ыңғайлысын сатып алу әр адамның өз талғамында. Егер көбірек жаяу жүретін болсаңыз, мейлінше жылы әрі жеңіл пиджак пен ұзын курткалар алғаныңыз абзал. Ал, түсіне келетін болсақ, біртекті және көзге айрықша түспейтін ақ, сүт түсті, кілегей түсті, қара және қоңыр түстер басты орында.

Соңғы уақытта кеңінен танымал болған тондар биыл біршама жеңілдеді. Яғни, жануарлардың өмірін сақтау және жасанды аң терісін пайдалану қолға алына бастады. Бюджетке де айтарлықтай зиян болмайтындай, сәнді эко-пальтоға қол жеткізе аласыздар. Сондай-ақ, Стритстайл (Street style) сәнді әйелдер пальтосын ұсынады. Матасы жұмсақ (мамық) пальто, ұзартылған немесе қысқа түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар классикалық әйелдер пальтосы сәнде. Күз бен қыстың сүйіктісі-ретро дизайндағы екі қабатты пальто. Сұр, графит, сүт түсті, қоңыр түстегі монохромды модельдер өте маңызды болады. Клетчатка пальтолар да биылғы трендте. Оған қоса күз бен қысқы көріністі жемпірсіз елестете алмаймыз? Жылы жемпірдің 2021-2022 жылы ең сәнді және сұранысқа ие түрі көп, әрине. Көлемді жемпірлер, үлкен өлшемді, иықтың кеңейтілген сызығы бар, ұзартылған, логотиптермен, үлпілдек және тоқылған өрнектермен өте керемет көрінеді. Көше стиліндегі күзгі-қысқы жемпірдің ең сәнді түстерінің бірі күлгін және сирень түсті болмақ.
Сәнді көйлек, әрлі бет бейнесіз қыз-келіншектерді елестету мүмкін емес. Талғампаз нәзік жандылардың арқасында талантты дизайнерлер түрлі көйлектерді тігіп шықты. Тіпті, Шиеліде де қалауыңа қарай керемет киімдерді тігуге қауқарлы отельелер бар. Мысалы, бүгінгі күні Тоғжан Мұсаеваны атап көрсетуге болады.
Енді қайта биылғы жылдың трендіне оралсақ. Қыс ауасында тоқылған көйлектер сәнді болады. Оған қоса атласты көйлектер де сән әлемінде салтанат құрады. Олардың бел тұсы, көйлектің алдыңғы немесе артқы жағында сәнді қиықтар (отрез) орналасатын болады.
Қазақта «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ» деп жатады. Онысы рас. Жарасымды киім адамның ішкі сыртқы жан дүниесіне өз әсерін берері анық. Айтарымыз, бастысы, үйлесім тапса болғаны.
Айдана Ақылбекова,
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы