СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ
Дәл осындай тақырыпта сыбайластыққа қарсы форум өтті. Мақсат – қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, жастарды адал жолға бастау. Сонымен қатар қоғам дертіне айналған жемқорлықты жоюға арналған озық тәжірибелерді қолдану.
Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумда облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аймақта қоғамның індетіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресте тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі белсенді жүргізуге шақырды.
– Облыс деңгейінде біраз іс-шаралар ұйымдастырылды. Тоқтала кететін болсам, аудандарда сервистік әкімдіктер іске қосылып, «Адалдық алаңдары» ашылды. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасына сәйкес халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын іске асыру шаралары қабылданды. Бұлар мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, алдын алуға мүмкіндік беріп отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары
Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Мырзалы арнайы сөз сөйледі. Сонымен қатар өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.
Атап айтар болсақ, Шиелі аудандық қоғамдық-саяси «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары Гүлнәр Дүйсебай мақала байқауында жүлделі II орынды иеленді. Жиын соңында жастардың арнайы