Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАБАҚША ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

БАЛАБАҚША ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов және білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Әмзе, сонымен қатар 75 жеке және 18 мемлекеттік балабақша өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиынды өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша орын алған өзгерістерді түсіндіру.
Атап айтар болсақ, бұйрықта мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесінің болуы, санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасау секілді бірнеше талаптар көрсетілген. Тиісінше, аталған талаптарды орындап, қажетті құжаттарды ұсынған балабақшалар ғана өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады.
Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында білім саласын дамытуда балабақшаның рөлі ерекше екеніне тоқталған болатын. «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуі тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешілерді аттестациялау қажет», – деді Мемлекет басшысы.

01 желтоқсан 2022 ж. 276 0