ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА
«Тәрбие тал бесіктен» деген тәмсіл бар. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше ден қойған. Тәрбие отбасынан, ата-анадан, қоршаған ортадан басталады. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне көптеген дүниелер әсерін тигізеді. Ата-анасынан көрген тәрбиені, іс-әрекетін баланың өз бойына сіңіруі автоматты түрде жүзеге асырылатыны, яғни балаңды тәрбиелеме өзіңді тәрбиеле, бәрібір балаң өзіңе ұқсайды дегеннен-ақ ой түюге болады. Әсіресе баланың айналаны танып-білуіне мектеп ұстаздарының да әсері мол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған ора: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен болатын.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың мәслесіне мән беру арқылы, ұлт тағдыры шешілетінін, ал оларға барлық жағдай жасау керектігін жеткізген еді. Бүгінде осы тапсырма мен айтылған мәселе төңірегінде еліміздің әр өңірінде балаларға арналаған әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Шиелі ауданында да атаулы жылда түрлі шаралар өтуде. Әрбір өткен шараның кемел келешектің кепілі болған балаларға тигізі оң пайдасы ұшан-теңіз.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі