ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҚШАДАН
Биыл – Балалар жылы. Атаулы жылға орай атқарылар іс аз емес. Артылар жүк те салмақты. Басым бағыттарды саралаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын. Қазір республика көлемінде Президент пәрмені бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асып жатыр.
Балабақша – баланы өмірге баулитын бірден-бір орын. Себебі мұндағы тәрбиенің орны бөлек. Осыны ұғынған «Әділжан» балабақша яслиінің ұжымы да болашақ ел өрендері үшін барын салуда. Оған жақында өткен «Кім күшті?» жазғы сауықтыру эстафетасы дәлел.
Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған бұл игі шараны «Балалар жылына» орай балабақша тәрбиешісі Тұрсынай Аюпова ұйымдастырды. Эстафетаға қатысушы балғындар «Сұңқар» және «Тұлпар» болып екі топқа бөлінген. «Тапқырлар», «Мергендер», «Жүйріктер», «Ептілер» атты 4 кезеңнен тұрған сайыс жоғары дәрежеде өткен. Эстафетаға қатысушы балақайлар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ерекше әсер сыйлады. Сайыс соңында тәрбиеленушілер арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Балғын балалық шақтың бақытын сезінген еңбекшілік 80-ге жуық бала «Әділжан» балабақша яслиінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр. Балабақшаның құрылтайшысы Айсұлу Жаханова айтуынша, биыл 14-ші түлектер тәлім ошағынан білім ұясына барған.
Әсем етіп безендірілген балабақшада гүлдей жайнаған бүлдіршіндердің кішкентай жүректері алып-ұшып тұрды. Ән айтып, мың бұралып билеуді, сурет салып, тақпақ жаттауды үйренген балақайлар енді балабақшамен қоштасып, үлкен өмірге – мектепке қадам басты.
«Қош бол, сүйікті балабақшам!» ертеңгілігінде балалар әннен шашу шашып, аядай бөлмені бимен көмкерді. Қарап отырып, Сыр жұртшылығының таңдайын қақтырар жас таланттары өсіп келеді ма, дерсің?! «Еркетай» тобының тәрбиешілер Сандуғаш Қалымбетова мен Анар Кәрімбаева өз баласындай болып кеткен бүлдіршіндерді қимастықпен шығарып салса, музыка жетекшісі Гүлжайна Баймұратова мерекелік ертеңгілікті әуенмен әрледі. Көңілді жиын соңында бітіруші балғындар алғыс хатпен, естелік сыйлықпен марапатталды.
Шынтуайтында, кішкентай балдырғандармен осындай үлкен іс-шараны ұйымдастыру, әр балаға ән мен би үйрету – тіпті оңай шаруа емес. Бұл тұста балабақша тәрбиешілеріне сан рет алғыс айтуға болады. Әр үйдің бір еркесін тәртіпке келтіріп, тәлім мен тәрбиенің негізін қалап жүрген балабақша ұстаздарының елдің жарқын болашағын дайындауда еңбегі орасан.

Сұлушаш МАДИЯРОВА