Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНЕРЛІ БАЛА ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ӨНЕРЛІ БАЛА ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы ретте Ел Президенті балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.
– Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деген болатын Президент.
Осыған орай Ә.Тәжібаев ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған үйірме жастарымен «Айгөлек» балалар байқауы болып өтті. Аталған байқауға қатысушы балғындар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауыл әкімі алғаш болып сөз сөйлеп, балаларға сәттілік тіледі.
Болашағынан зор үміт күттіретін балаларды мектеп директоры Үсенхан ­Ахметов тәттілерімен қуантса, клуб меңгерушісі Ғ.Маханов ұжымдастарымен бірге түрлі сый-сияпаттар табыстады. Байқау соңында қатысушылар арнайы дипломмен марапат төрінен көрінді.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі
23 қараша 2022 ж. 279 0