Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАСАҢ, БАЛА ҚАМЫН ЖАСА

БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАСАҢ, БАЛА ҚАМЫН ЖАСА

Балаларға базарлық. Еліміздің өзге облыстарымен қатар Сыр өңірінде де жаңа мектептер, балалар алаңқайлары мен балабақшалар бой көтеріп жатыр. Апта басында аудандағы балалар алаңқайының қатары толыға түсті.
Тартоғай ауылдық округінде «Балалар жылы» аясында және облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен және ауылдың жанашыр азаматтарының демеушілгімен шағын футбол алаңы бой көтерді. Су жаңа футбол алаңының тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары тартоғайлықтарды қуаныштарымен құттықтап, былай деді:
– Өздеріңізге белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын. Осы орайда, ауданда балалар спортын дамытуға зор көңіл бөлініп, заман талабына сай спорт алаңқайлары, балалар ойын алаңдары, спорт кешендері салынуда. Мәселен, биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Балалар жылы» аясында демеушілер есебінен ауданда 6 спорттық балалар ойын алаңдары бой көтерді. Сондай-ақ Бала би елді мекенінде балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, Тартоғай ауылдық округінде бой көтерген шағын футбол алаңының көлемі 950 шаршы метр. Шағын футбол алаңдарының құрылысына осы ауылдың тумасы ­Ерлан Ахметов пен ауылдың жанашыр азаматтары демеушілік танытқан. Алдағы уақытта футбол алаңының жанына жаттығу алаңдары орналастырылмақ.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
08 қараша 2022 ж. 584 0