Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерден кезім жоқ алыстаған...

Туған жерден кезім жоқ алыстаған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың болашағына аса мән беріп, осы жылды балаларға арнады. Осы бағытта аудан көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Өскелең ұрпақтың дамуы мен бақытты балалық шағы – жалпыұлттық міндетіміз.
15 тамыз күні аудандық «Арман» мәдениет үйінде ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жаленовамен кездесу кеші өтті. Аталған кешке облыстық Әйелдер кеңесінің төрағасы Райкүл ­Байназарова, аудандық Әйелдер кеңесінің төрағасы ­Найла ­Палымбетова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар ең әуелі «Сыр ұланы» тынығу лагеріне ат басын бұрып, демалып жатқан балалардың жай-күйін білді.
Өңіріміздегі ақын қыздардың көшбасында тұрған Қатира Сыздыққызы – өзінің өміршең шығармаларымен Сыр елінің рухани-мәдени өміріне зор үлес қосқан қанатты қаламгер. Туған жердің атын алысқа танытқан талант иесі. Ақынның «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» деп аталатын жыр жинақтары мен ән мәтіндері өлеңсүйер қауымның сүйікті шығармаларына айналды. Сондай-ақ ақын өлеңдері орыс тіліндегі жинақтарда жарық көріп, өзінің де аударма ісімен айналысқаны баршаға мағлұм. Айта кеткен жөн, тәжік ақыны Г.Сүлейменованың «Қырық бұрым» өлеңдер жинағын қазақ тіліне тәжімалап, «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тіліне аударылған.
Бұл – кемелді келешектің кепілі саналған балғындардың рухани және әдеби сусындауына арқау болған кеш болды. Әдеби кешке қатысқан балалар көркем еңбек әлемінде ғажайып сурет салды. Әрмен қарай мың бұралған бимен құлақ құрышын қандырар әсем әнмен кеш қыза түсті. Әдеттегіше, кездесу соңы сый-сияпат табыстаумен аяқталды.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
17 тамыз 2022 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930