Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Балалар жылы аясында облыс бойынша жыл соңына дейін жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 балалар ойын алаңы салынады. Облыс әкімі Н.Нәлібаев кезекті жиындардың бірінде осылай деген болатын.
Аймақ басшысы уәде еткен ойын алаңының бесеуі – Шиелі халқына тиесілі. Бірақ межені артығымен орындауды көздеген шиеліліктер олардың санын 6-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінге дейін ойын алаңқайлардың 3-еуі балалардың игілігіне тапсырылды. Соның бірі – М.Қаратаев көшесінің бойында орналасқан ойын және шағын футбол алаңы. Жалпы аумағы 500 шаршы метрді алып жатқан нысан «Промстройсервис.Е» ЖШС демеушілігімен салынған.
Алаңқайдың тұсау кесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбіләкім Маханбет, алқа билер төрағасы Тұрмат Баймағамбетов пен Промстройсервис.Е» ЖШС басшысы ­Манарбек Еспенбетов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Айта кетейік, демеушілер есебінен салынып жатқан балалар ойын алаңдарының қалғаны қараша айының соңына дейін тұрғындардың игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек Бала би мен Көкшоқыдағы спорт кешендеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, Тәуелсіздік көшесі бойынан жаңа спорт нысаны бой көтеріп жатыр.

Г.ЯХИЯ
07 қараша 2022 ж. 558 0