Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА АЛАҢ – БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

ЖАҢА АЛАҢ – БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

Сыр елінде ұлттық мереке ­Республика күні қарсаңында «Балалар жылына» тарту ретінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қала, аудандарда демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд теңгені құрайтын бір мезетте 80 спорт-ойын алаңдары ел игілігіне берілді.
Оның ішінде Шиелі ауданында үш бірдей спорт-ойын алаңы іске қосылды. Ел игілігіне берілген нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Ахатов қатысып, тұрғындардың қуанышын бірге бөлісті. 3 бірдей спорттық ойын алаңқайы Көкшоқы мөлтек ауданында, Бидайкөл мен Тартоғай елді мекендерінде ашылды. Сондай-ақ, 1 қарашаға дейін Байсын елді мекені мен Шиелі кентіндегі М.Қаратаев, А.Иманов көшелеріндегі спорт-ойын алаңдарының құрылысы толықтай аяқталады.
Ерекше атап өтер жайт, биыл туған жерге жанашыр меценаттар аймақтың гүлденуі мен дамуы үшін іске асырылатын жобаларға атсалысуға, қолдау білдіруге ерекше ықылас танытып отыр. Соның арқасында соңғы 5-6 айдың ішінде аймақта жергілікті кәсіпкерлер 9 млрд теңге шамасында қолдау көрсетіп, ауқымды жобалардың жүзеге асуына дәнекер болды.
Бір ғана мысал, Иіркөл кенішінің филиал директоры Мұхамеджан Салқынбаев туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктің озық үлгісін танытып, өзі туып-өскен Бәйтерек ауылдық округіне заман талабына сай атшабар алаңын ашып берді. Мұнан бөлек облыс әкімінің іскерлігінің арқасында аймақта түрік компанияларымен бірлескен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Биыл қала аумағын жылу және электрмен толық қамтамасыз ететін қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының іргетасы қаланды. Тағы бір түрік компаниясымен жылына 24 мың тонна қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар Сыр елінде құны 1,6 млрд теңгені құрайтын Неке сарайы, 1000 орындық Өнер орталығы, сол жағалаудың бойынан 2,7 млрд теңгеге Қан орталығының құрылысы жүруде. Белгілі кәсіпкер, меценат ­Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құрылысы басталған құны 1,5 млрд теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығы шаһардың ажарын аша түсеріне сенім мол. Қаланың негізгі қақпасы әуежай да қайта жаңарады. Болат Өтемұратовтың тікелей қолдауымен құны 12 млрд теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынады.
Айта кетейік, Шиелі ауданында пайдалануға беріліп жатқан 6 спорттық ойын алаңының барлығы да аудан кәсіпкерлері мен шаруашылық басшыларының және де ауыл жастарының демеушілігімен салынуда.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
27 қазан 2022 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031