Бала – Басты байлығымыз
Биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді.
– Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын. Сондай-ақ ол өскелең ұрпақтың мәселесіне мән беру арқылы, ұлт тағдыры шешілетінін, ал оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін жеткізген еді.

Одан бері де бірнеше айды артқа тастадық. Дәл қазір «Балалар жылы» бел ортасына таяп қалды. Президент Қ.Тоқаев берген тапсырма мен айтылған мәселе төңірегінде елімізде қандай шаралар ұйымдастырылып, қандай шаруалар атқарылып жатыр, соған сараптама жасап көрген едік. Бала тәрбиесі мен білімі туралы сөз болғанда ойға Білім және ғылым министрлігі оралса, ал әңгіме оның жан-жақты жетілуі мен рухани дамуына ойысқанда Мәдениет және спорт министрлігі назарға ілінеді. Аталған министрліктер «Балалар жылына» қатысты қандай жаңалық пен базарлық дайындады?
«БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДАҒЫ» ЖАҢАЛЫҚТАР
Бұл жыл шынында да балалар үшін берекелі жыл болуы тиіс. Бұл мақсатта жасалған жұмыстың бірі – Президенттің жақында халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына бір жолғы ақшалай сыйақы беру туралы заңға қол қойғаны болатын. Енді әлемдік білім бәсекесінде топ жарған жеңімпаздарға үлкен сый-сияпат көрсетіледі. Ол заңға сәйкес алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі әрі ол оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де осындай ақылы сыйақы тағайындалмақ. Сондай-ақ халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің еліміздегі ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттарға ие болу мүмкіндігі бар. Бұл білім бәйгелерінде бақ сынайтын балалар үшін үлкен «базарлық» екені даусыз.

Бұдан бөлек, биыл елімізде өткен аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар биігінен көрінген балалар саны аз емес, мыңға жуықтайды. Жүлделі орындарды иеленген оқушының жалпы саны 920-ны құраса, оның ішінде 183 оқушы алтын, 274 күміс және 463 оқушы қола медаль иегері атанған. Ауданда биылғы оқу жылында республикалық олимпиадалардан жүлдемен оралған 5 оқушы бар.
Соңғы 4 айдың ішінде еліміздің әр аймағында 5 000-нан аса өңірлік іс-шара өткен. Сол шаралар кезінде басты назар аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарай бағытталған.
ҮМІТ ҮЗІЛМЕЙДІ
Жалпы, жыл басында құрылған «Қазақстан халқына» қорынан да үміт күтуге болатын сияқты. Қор міндеттерінің арасында халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу, сондай-ақ, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қайырымдылық көмек көрсету бағыттары бар. Бұл ретте көпбалалы отбасылардың жағдайына айрықша назар керек. Олай дейтініміз, Қазақстандағы барлық баланың 40%-і осы отбасыларда. Ал, ЮНИСЕФ дерегі бойынша көпбалалы отбасылардың 90%-і кедейлік қамытын киген.

Интернетте баласының еміне деп қаражат сұрайтындар, баспанасыз жүрген көпбалалы отбасылар, балалар үйлерінен шыққандарға баспана, тағысын-тағы өз шешімін қор арқылы табады дегенге сенгіміз келеді. Сау баланың өзін сал қылатын мектептегі буллинг, былтырдың өзінде 100-ден астам жеткіншектің өмірін қиған суицидтің өршуі, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау, айта берсе жылдар бойы қордаланған мәселе шаш етектен. Оның барлығы жеке тақырыпқа сұранып тұр. Елімізде 6 млн-нан аса бала бар екен. Оның 3,4 миллионы мектепте оқыса, 914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, республикада 23 063 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 81,5%-і асырап алушы отбасыларында тәрбиеленіп жатыр. Ал Шиеліде 18 жасқа дейін 26632 бала болса, оның 151 мүмкіндігі шектеулі жандар. 1985 балғын көпбалалы отбасының мүшесі.
Сол бүлдіршіндердің құқығын қорғау, жан-жақты дамытуға бағытталған жобалар мен шаралардың көптігі көңіл қуантады. Дегенмен басты назар олардың санына емес, сапасына аударылса деген ұсыныс бар.
Бала – біздің болашағымыз, ертеңіміз. Негізгі капиталды осы балаларға құйған, баласын өркениетті қоғамға бүгіннен тәрбиелеген елдің ұтары көп. Әдемі сөзден, он бағдарламадан пайдалы бір іс артық. Іске көшетін, әрекет жасайтын кез келді.
Гүлхан ЯХИЯ