Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТОҚАЕВТЫ ТАҢДАДЫ

6 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТОҚАЕВТЫ ТАҢДАДЫ

Бұл туралы кеше Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде айтылды.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлауға қатысушылардың саны еліміз бойынша барлығы 11 млн 953 мың 465 адамды құраған. Оның 8 млн 346 мыңы дауыс беруге арналған бюллетендерді алыпты. Дауыс беру күні 641 халықаралық ұйымдардың және 15 мың ­саяси партия байқаушылары бақылауды жүзеге асырған. Сонымен қатар сайлау учаскелеріне 1225 БАҚ өкілдері қатысып, 106 аккредиттелген шетелдіктер журналистер сайлау барысын баяндап отырған.
Комиссия төрағасы сайлау бөллетендерінде 6 кандидаттың аты-жөні және барлығына қарсымын деген жолдардың болғанын айтып, алдын ала нәтижемен бөлісті.
Қарақат Әбденге – 206 мың 206 адам ­немесе 2,6 %;
Нұрлан Әуесбаевқа – 176 мың 116 адам немесе 2,22 %;
Жигули Дайрабаевқа – 271 мың 641 адам немесе 3,42 %;
Мейрам Қажыкенге – 200 мың 907 адам немесе 2,53 %;
Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 6 млн 456 адам немесе 81,31 %;
Салтанат Тұрсынбековаға – 168 мың 731 адам немесе 2,12 %;
Барлығына қарсымын жауабына – 460 484 мың адам немесе 5,8 %.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі
21 қараша 2022 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30