Қазақстанда президент сайлауының қорытындысы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен ҚР президенттігіне үміткерлердің дауыс санын жариялады.
Орталық сайлау комиссиясының соңғы қорытындысына сәйкес, президенттік үміткерлердің республика аумағында алған дауыс саны:
Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,96%
Әміржан Қосанов - 16,23%Дания Еспаева -5,05 %
Төлеутай Рақымбеков - 3,04%
Амангелді Таспихов -1,98 %
Жамбыл Ахметбеков -1,82%
Сәді-Бек Түгел - 0,92%.
«Орталық сайлау комиссиясы ҚР президентін сайлау бойынша бірнеше маңызды шешімдер қабылдауы тиіс. ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес, ҚР президентін сайлаудың қорытындыларын аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде ОСК анықтайды. Осы хаттамаларға сәйкес, сайлауға қатысқан сайлаушылардың жалпы саны - 11 млн 960 мың 364 адам. Республика бойынша алынған сайлау бюллетендерінің саны - 12 млн 67 мың 475. Сайлау бюллетендерін алған сайлаушылардың саны - 9 млн 274 мың 466 немесе сайлаушылардың жалпы санының 77,5 %. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны - 9 274 034», - деді Ләззат Сүлеймен.
Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда шыққан әлеуметтік сауалнама – exit poll-дың қорытындысыбойынша сайлауда 70,13% дауыспен бүгінгі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, exit poll-дың қорытындысына сүйене отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсыластары алдын ала жеңісімен құттықтаған болатын. Атап айтқанда, Төлеутай Рахымбеков пен Жамбыл Ахметбеков табыс тілесе, Сәдібек Түгел мен Амангелді Таспихов, Дания Еспаева exit poll-дың қорытындысымен келісетінін айтты.