Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан сайлаушыларының 51,8 пайызы дауыс берді

Қазақстан сайлаушыларының 51,8 пайызы дауыс берді


Қазақстан сайлаушыларының  51,8 пайызы таңдау жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңыз бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 14-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 пайызы сайлау бюллетендерін алды.
Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 56,7,  Ақтөбе облысы бойынша 69,4, Алматы облысы  бойынша 63, Атырау облысы бойынша 45,4, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 59,8, Жамбыл облысы бойынша 56,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 40,9, Қарағанды облысы бойынша 49,7, Қызылорда облысы бойынша 63,1, Қостанай облысы бойынша 55,8, Маңғыстау облысы бойынша 52,4, Павлодар облысы бойынша 45,9, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,6, Түркістан облысы бойынша 49,3, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 37,6, Алматы қаласы бойынша 37, Шымкент қаласы бойынша  40,5 пайыз", - деді Зәуреш Баймолдина. Оның атап өтуінше, дауыс беру заң аясында өтіп жатыр.
09 маусым 2019 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930