ҚАТТЫ ОТЫННАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙ МА?
Күз – қарбаласы көп маусым. Әр өңір үшін қысқа қапысыз қамданудың мәні ерекше. Бораны жиі, аязы қатты қытымыр қыс
аяуды білмейді. Сондықтан отын-көмірмен уақытылы қамданған ләзім. Биыл көмірден тапшылық көрмейміз бе? Жылу маусымына дайындық жүйелі жүріп жатыр ма? Осы тектес сұрақтардың жауабын іздеп көрдік.
Кейінге шегініс жасасақ. Осыдан 2-3 жыл бұрын көмір таситын вагондардың жетіспеушілігінен отын базарларында ұзын-сонар кезек болып, біршама өкпе-наз, дүрбелең туған еді. Содан бері жағдай қалыпқа түсіп, тұрақтанды. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл жергілікті тұрғындар үшін 23 мың тонна қатты отын қажет екен. Бүгінде оның 16 мың тоннасы келіп үлгерген. Автокөлікпен тасымалданатын 3 мың тонна қатты отынның 130 тоннасы түсірілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда кәсіпкер қоймасында 6 мың тонна көмір бар. Көмірдің әр тоннасының орташа бағасы 14 650 теңгені құрайды. Аудан бойынша қатты отын түсіретін темір жол тұйығы төртеу. Оның барлығында таразы орнатылған. Айта кету керек, аудандағы көмір тасымалымен айналысушы кәсіпкер «ЖК Нұрманов» және «ЖК Жаңа тас» иелерімен көмір бағасын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде меморандум жасалған.

2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымын өткеруге аудан бойынша 147 нысан әзірлік үстінде. Атап айтар болсақ, 67 білім саласы, 39 мәдениет және спорт, 47 денсаулық саласындағы мекеме өткізуде. Әлеуметтік салаға қажетті 13,5 мың тонна көмірдің бүгінгі күнге дейін 6,1 мың тоннасы дайындалған.
Көпшілікті толғандырып отырған баға мәселесі туралы айтқан кезде мына бір жайды ескерген жөн. Ұлттық экономика министрлігі Бә-секелестікті қорғау және дамыту комитеті мамандарының айтуына қара-ғанда, көмір тұтынушыға жеткенше қымбаттап кетеді. Оның негізгі себебі екі ортадағы делдалдардың бағаны үстемелеуі. Жоғарыда айтылған 2 мекемемен жасалған меморандум бойынша қатты отын тұрақты бағада сатылатындығын айтады мамандар.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ