Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

АУДАНДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

В Шиели идет процесс развития в каждой сфере — Kyzylorda NewsАпта аяғында аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 27 сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров жүргізіп, оған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Алдымен Шиелі ауданының 2022 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жайлы аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы баяндап, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы бар екендігін жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп өнімін өндіру, құрылыс жұмыстарының көлемі, инвестициялар тарту бойынша айтарлықтай өсім байқалған.

350 отбасы 81 гектар жерге егін еккен
Ал ауыл шаруашылығына келер болсақ, биыл ауданда барлығы 30,1 мың гектар жерге түрлі дақылдар орналастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерін өздері өндіре алуы үшін аудан бойынша 81,1 гектар жер дайындалып, 350 отбасына бөліп берілген. Нәтижесінде оның 12,1 гектарына картоп, 35,5 гектарына көкөніс, 33,5 гектарына бақша дақылдары егілген.

Құрылыста қарқын бар
Аудан бойынша құрылыс жұмыстары да көптеп жүруде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Шиелі кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған. Аудан орталығындағы №45, Бидайкөл елді мекеніндегі №148, Ы.Жақаев елді мекеніндегі №149 орта мектептердің бу қазандықтары қайта жабдықталып, газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бала би елді мекенінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары, Шиелі кентіндегі Көкшоқы спорт клубының жабық ғимаратына жөндеу жұмыстары, ­Байсын елді мекеніндегі 250 орындық №207 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бестам және Н.Бекежанов елді мекендерінде ұзындығы 20,7 шақырымды құрайтын 21 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстары толығымен аяқталды. Аудандық маңыздағы Жуантөбе ауылына кіре беріс 6 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары бас­талып кетті. Сонымен бірге, Бестам, Н.Бекежанов, Бидайкөл, Ортақшыл, Бала би, Алмалы, Алғабас, Тұрсынбай датқа, Еңбекші, Ә.Тәжібаев, Ақмая, Ы.Жахаев ауылдарында және Шиелі кентіндегі барлығы 20,5 шақырым көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржысы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Көгілдір отын ел игілігі үшін
Шиеліде көгілдір отынның игілігін көріп, күл шығарудың машақатынан құтылған ауылдар қатары да күн өткен сайын еселеніп келеді. Бүгінде Шиелі кенті мен Ы.Жахаев, Бидайкөл, Байсын, Н. Бекежанов, Ақмая, Алғабас және Ш.Қодаманов ауылдары, яғни аудан халқының 68 проценті көгілдір отынын пайдалануда. Ал жалпы құны 1 млрд 62 млн теңге болатын Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Ақтоған елді мекендерін газбен қамтамасыз ету бойынша жобалар тиісті министрліктерге тапсырылған. Сондай-ақ Алмалы мен Телікөл ауылдық округтерін газдандыру үшін жасалған жоба-сметалық құжаттар сараптама қарауында. М.Шоқай АГРС-нің ­салынуы­на байланысты бүгінгі таңда Тартоғай ауылының ішкі газ желілерінің жобалық сметалық құжаттары демеушілер тарапынан дайындалуда. Майлытоғай ауылының ішкі газ желісіне жоба сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан халқының 85 проценті газбен қамтылатын болады.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
21 қыркүйек 2022 ж. 574 0