234 келіні бағындырды
Жуырда Өзбекстанның Ташкент қаласында жастар арасында өткен Азия біріншілігінде жерлесіміз Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды.
2003 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген зілтемірші қыздың ауыр атлетикамен айналысқанына бірнеше жыл болды. Айсамал жастар және жасөспірімдер арасында Азия және ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Ал бұл жолғы бәсекеде 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жеңістің жоғарғы тұғырынан көрінді. Жерлесіміз жұлқа көтеруден – 104, серпе көтеруден – 130, қос сайыс қорытындысы бойынша 234 келіні бағындырды.

– Қазір ата-анам менің әрбір жарысыма көз тігіп, елеңдеп отырады. Сайыс алдында маған қолдау білдіріп, ерекше жігер сыйлайды. Олардан шалғайға ұзап кетсем де, жылы ықылас-пейілінің арқасында дәл қасымда жүргендей сезінемін. Отбасымда менен басқа спортшы жоқ, – дейді Айсамал.
Айта кетейік, Айсамал былтыр 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Одан бұрын Ташкентте өткен Азия чемпионатында 2 мәрте алтын медаль алса, Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы атанған болатын. Ол бүгінгі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алады. Ауыр атлетиканың жұлдызы Айсамалды Арман Абдраев, Нұрсұлтан Бахрадин, Мұхаммед Тұрысбеков сынды жаттықтырушылар бабына келтіріп шыңдауда.
Ш.Тілеубаев