АУЫР АТЛЕТ АЙСАМАЛ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Сәуір айының алғашқы онкүндігінде Грецияның Ираклион қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты өтті. Додада Сыр елі мақтанышы, 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айсамал Сансызбаева серпе көтеруде 112 келімен күміс жүлдеге қол жеткізсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 252 келімен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Пак 281 кг (120+161) көрсеткішпен үздік шықты. Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытындысында 253 кг (108+145) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ