Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиацияның тиімділігі

Медиацияның тиімділігі

2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңалықтардың бірі – бұл «Татуластыру рәсімдері» тарауы.

Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.
Медиация – бұл дауласушы тараптардың дау жанжалды екі жаққа да тиімді жолмен бітімгергешілік келісім арқылы шешуі. Дауласушы тараптардың ерікті түрде келісімге келуі, әрі келген келісім екі жаққа тиімді,уақытылы орындалуы түгел қамтылып келісім жазбаша нысанда жасалады және тараптар қол қояды және сотқа ұсынады. Аталған келісім сот отырысында тараптардың қатысуымен қатыса алмаған жағдайда өзінің қатысуынсыз қарау туралы сотқа арыз жолдағанда ғана бекітіледі.
Бітімгершілік келісімін бекіті кезінде мидиатордың ролі ерекше. Медиаторлар екіге бөлінеді: профессионал және профессионал емес медиаторлар.Медиациялық келісім кезінде тараптардың медиатор таңдауы ерікті. Өздері қалаған  медиатордың қатысуымен екі тарап екі түрде келісімге келеді. Медиатор дау-жанжалға қатысы жоқ, екі тараптыңда көңілінен шығатын шешім табуға,ортақ мәмілеге келуге тырысатын тұлға. Медиатор тараптарға кінәлі адамды табу немесе өз айтқанының дұрыстығын дәлелдеу емес ортақ шешімге келу қажеттігін түсіндіруші болып табылады. Сонымен қатар татуластыру рәсімдеріне судьялардың да араласуы медиациямен аяқталатын істердің санын айтарлықтай арттырды. Заңнамада Татуластыру үшін қосымша мүмкіндіктер қарастылыған, соған сәйкес енді талап арызды қабылдау барысында он жұмыс күні ішінде судьялар тараптарды татуластыруға ықпал жасайды.
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы және заңға қайшы келмеуі қажетті. Татуласу келесімін сот бекітеді. Егер сот отырысы барысында судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін тараптар татуласуға ниет білдіріп, осы татуласу рәсімін сот төрағалығын жүргізіп отырған судьяның өткізуін талап етсе, онда іс басқа судьяның қарауына өтуі қажет. Алайда, тараптар сол судьяның өткізіп және істі аяқтауын жазбаша түрде сұрайтын болса сол судьяның осы істі татуласу тәртібімен аяқтауына мүмкіндігі бар. Медиациямен аяқталған істер бойынша салық кодексінің 548-бабына сай, сотқа төленген баж салымдары қайтарылатынын ескерсек, бұл жеке және заңды тұлғалардың уақытын ғана үнемдеп қоймай, бүгінгі кезеңде артық  шығын шығармаудың да тиімді тәсілі екені сөзсіз. Сонымен қатар елімізде сотталған азаматтардың санын азайтуда, қоғамда дау-дамайдың азаюына және соттардың жүктемелерінің кемуіне де өз әсерін тигізуде.

З.Алимкулова
Шиелі аудандық сотының
бас маман сот отырысың
хатшысы
19 шілде 2022 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930