ТӨЛ БАСЫЛЫМНЫҢ БҮГІНГІ БЕЙНЕСІ
Ақпараттар ағыны тасқындаған заманда газет шығару, оның оқырманын көбейту оңай шаруа емес. Десе де, ақпарат айдынында өзіндік орны қалыптасқан, оқырмандар сұранысына ие болып, жылдар бойы абыройлы қызмет етіп келе жатқан басылымдар да баршылық. Олардың қатарында 80 жылдан аса тарихы бар аудандық «Өскен өңір» газеті бар. Аптасына 2 рет шығатын газеттің негізгі тақырыбы — саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер.
Жалпы, қазір газетке, журналистикаға қойылатын талап өзгергені рас. Ал дүние көз алдымызда ғарыштық жылдамдықпен жаңарып, өзгеріп отырған тұста дамыған заманның талабын ескермей газет шығару мүмкін емес. Осы орайда соңғы жылдарда интернет-журналистика өрістеп, электронды басылымдар көбейген тұста дәстүрлі медиа да замана көшінен қалмай, уақыт ағымына ілесе әрекет ету жолында еңбектеніп жатқаны белгілі. Себебі ақпарат алмасудың заманауи тәсілі көп. Қазір айтылған ақпарат көзді ашып-жұмғанша сол мезетте-ақ ғаламтор, түрлі сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарап жатады. Бірақ газет оқу мәдениеті — қашанда талғамы жоғары оқырманның талабы. Шынайы ақпарат. Байыпты сараптама. Нақты тұжырым. Таңбаланған тарих. Секунд сайын жаңарып тұратын сайттардан газетті айрықшалап тұратын негізгі басымдық – осы. Газетке басылатын сөздің мағынасы зор, ықпалы ерекше. Ел азаматтарының ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын газет бетінен табуға болады.

Ғасырлық тарихы бар «Өскен өңір» газеті — Шиелінің барлық аумағына тарайтын бас басылым, өңір өмірінің айнасы. Аталған басылымның облыстың ақпарат кеңістігінде лайықты орны, өзіндік бедел-бедері бар, тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге халықтың қоғамдық пікірін қалыптастыруға ықпал ететін қуатты медиа-ресурс, билік пен халық арасындағы алтын көпір деп те бағалауға болады. «Өскен өңір» аудан өмірін кеңінен қамтып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларды дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосып отыр. Газет бетінде қоғамдық өмірдің сан саласын бейнелейтін тақырыптар сындарлы жазылып келеді, яғни өңірдің тыныс-тіршілігі мен шежіресі десек қателеспейміз.
Ауданның алған асулары мен жеткен жетістіктерін халыққа жүйелі жеткізуші мазмұны байыған, ойы кемелденген басылым бетінде мәдени-рухани дүниелермен қатар, саяси, тарихи, танымдық, сараптамалық мақалалар қатары көбейіп келеді. Сонымен қатар газет қоғамдағы түрлі проблемаларды назардан тыс қалдырмай, келеңсіздіктерді шешуде белсенділік танытуда.
Заман алға озып, әлеуметтік желі қаншалықты жедел дамығанымен, газет өз маңыздылығын жоймайтыны белгілі. Оған алып елдердегі газет оқу мәдениетін мысалға алсақ та жеткілікті. Жапонияның ұлттық басылымы — «Асахи симбун» газеті 10 миллион таралыммен шығады. «Баспасөздің Отаны» саналатын Францияда күн сайын жүздеген мың таралыммен шығатын бірнеше басылым бар. Ал Қытайдың «Жэньминь жибао» газеті миллиондаған таралыммен күніне екі рет және бірнеше тілде жарыққа шығады. АҚШ-тың «New York Times» газеті 1851 жылдан бері үзіліссіз шығып келеді. Оны қызыға, асыға күтіп оқитын оқырманы жетерлік. Тіпті әлемдік БАҚ сол газеттен сілтеме жасау арқылы ақпараттар таратып жатады. Ал Ресейдің «Вечерняя Москва» басылымын халық баспадан шықпай жатып сатып алып кетеді. Бұл басылым 1923 жылдан бері шығып келеді. Аталған мысалдар бүгінгі күні озық технологияларды ойлап тауып, интернетпен барынша қамтылған елдердің өзінде әлі күнге дейін газеттің орны бөлек екенін дәлелдейді. Газетті, тіпті радио мен телеарна ақпараттық сайттар да ығыстырып шығара алмайды. Технологияның дамыған заманында адамдардың руханиятын сақтап қалу үшін де газеттің рөлі зор. Газет — сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. Ал әлеуметтік желі тек ақпарат берумен ғана шектеледі.
Қазіргі таңда аймақта баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Баспасөзге жазылу — ерікті. Бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде сенімді әрі шынайы ақпарат алғысы келген, елінің ғана емес, өзінің де тағдырына бейжай қарай алмаған кез келген азаматтың газетке жазылудан қалыс қалмайтыны анық.
«Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет болады» дейді қазақ. Бүгінде ҚР «Журналистер Одағының мүшесі», аудандық мәслихат депутаты Нұрболат Пірімбет басқаратын «Өскен өңір» газетінде аға буынның ізін қуып, ісін жалғаған жаңа толқын жастардың шоғыры қалыптасты. Иә, «Өскен өңірдің» негізгі «поровозы» іспетті шығармашылық ұжымның құрамындағы бас редактор Нұрболат Пірімбет, бас редактордың орынбасары Гүлнәр Дүйсебай, бөлім басшылары Гүлхан Яхия, Рамазан Әнәпия және тілші Шапағат Тілеубаев пен Сұлушаш Мадиярова, фототілші Бақытжан Бәйімбет, дизайнер Ерұлан Даткеновтер халыққа сапалы өнім ұсына бермек.
Бүгінгідей керекті-керексіз мәліметтердің көптігі адамдарды рухани тұрғыда тұйыққа тіреп жатқан ақпараттық технология дәуірінде «Өскен өңір» секілді ауданның төл басылымының ұлт мұраты, Отан мүддесі жолында лайықты өреден көрінуі өте маңызды.
Гүлхан ЯХИЯ