Жоғары балл жинаған түлек

Солардың бірі – Шоқан Уалиханов атындағы №127 мекептің түлегі Әуесхан Бейсұлтан. Ол Ұлттық біріңғай тестілеуден 130 балл жинап, қатарының алды болып қана қоймай, Шиелі ауданындағы үздік нәтижені көрсетіп отыр. Оның сынып жетекшісі Қалияш Арыстанованың айтуынша, биыл мектепті 40-тан астам оқушы бітірген. Оның сыныбынан 17 оқушы тестілеуге қатысыпты. «Барлығының да нәтижелері жаман емес. Бастысы әрбір оқушының өмірге деген құлшынысы, ынта-жігері басым. Сондықтан да олардың барлығының өмірде үлкен жетістіктеріне жетеріне сенемін», – дейді ұстаз.
– Оқушым химия-биология пәндерін таңдап отыр. Үйінің кенжесі. Анасы Несібелі Айтбаева ауданаралық емханада дәрігер. Бейсұлтан қаңтар айында ақылы тестке қатысып, 97 балл жинаған болатын. Енді мемлекеттік грант үшін өткен тестте тынымсыз дайындығының арқасында 130 балл жинап отыр. Оқушымның нәтижесіне шынайы қуаныш білдіремін, – деді Қалияш Арыстанова.
Рамазан ӘНӘПИЯ