Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысының екі түлегі ҰБТ-дан 139 балл алды

Түркістан облысының екі түлегі ҰБТ-дан 139 балл алды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Жетісай ауданында маусым айында өткізілген ҰБТ-ның қорытындысы жоғары. 22 -26 маусым күндері аралығында үш  легте өкізілен тестілеуге 1701 түлек қатысты, деп хабарлады аудандық баспасөз қызметі.  


Шәкіттердің ҰБТ-ға қатысу пайызы  67,7 пайызды құраса, орташа балл 79,7 пайызға жетті.  490 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғары балл 139-ды құрады.

"Нақтырақ айтсақ, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының  2 түлегі Гүлжайна Бейсенбай мен Әсел Жүнісбекова  ең жоғарғы 139 балл  жинады.  Бұдан бөлек, 151 шәкірт 120-дан жоғары,  339 оқушы 100-119 аралығында,  736 түлек 60 пен 99 аралығында балл жинаған. Нәтижесінде оқушылардың ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 65,07 пайызды құрап, өткен жылға қарағанда 2,87 пайызға өскен", - делінген таратылған ақпаратта. 

Айта кетейік, жалпы биыл Жетісай ауданындағы 70 мектепті 2626  түлек бітірді. Олардың 1709-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, 1701 талапкер қатысты. Ал 8 оқушы ҰБТ-ға қатысудан өз еркімен бас тартқан. 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы  №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасына  сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілді.
02 шілде 2019 ж. 1 052 0