Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-дан 140 балл жинаған Шиара Құдайбергеноваға iPhone табысталды

ҰБТ-дан 140 балл жинаған Шиара Құдайбергеноваға iPhone табысталды


ҰБТ-дан 140 балл жинаған алматылық түлек Шиара Құдайбергеноваға iPhone телефоны табысталды. Рамазан Әлімқұлов сөзінде тұрып, жас түлекке сый жасады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Гаджетті сыйға тарту туралы сөз биылғы жылдың мамыр айында қозғалды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры ең жоғары ұпай жинаған түлекке смартфон сыйлауға уәде берген болатын.
Жаңа форматтағы тестілеудің екі жылдық кезеңінде алғаш рет алматылық түлек Шиара Құдайбергенова 140 ұпай жинады. №123 мектеп-гимназиясының түлегі 25 маусым күні тапсырған.
Бүгін Рамазан Әлімқұловтың атынан Алматы тестілеу орталығының өкілдері түлекке смартфонды табыс етті.
Stan.kz
29 маусым 2018 ж. 2 170 0