Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең шыдамды смартфондар

Ең шыдамды смартфондар


Tom's Guide сайтының эксперт мамандары ең шыдамды смартфондар рейтингін жариялады. Олар тәжірибеге танымал компаниялардың өнімі саналатын 12 гаджетті таңдаған. Алуан түрлі тәжірибелер қорытындысы бойынша ең шыдамды смартфондар көшін Motorola Moto Z2 Force бастады. Ол 1,2 және 1,8 метр биіктіктен ағаш және тас жолға түссе де, сыр бермеген. Сондай-ақ суға салып та тәжірибе жасаған. Құлағанда сырт корпусында ешқандай жарықшақ байқалмаған, беткі айнасы да бүлінбеген. Нәтижесінде шыдамдылығы бойынша 10 баллдың 8,5-ін иеленген. LG X Venture смартфоны да берік байланыс құралдарының бірі екен. Ол 10 баллдың 6,6-н жинады. Үздік үштікте iPhone X (6,2 балл) тұр. Samsung Galaxy S9 пен LG V30 рейтингтің орта тұсына орналасқан. Олар 6 баллмен бағаланған. Motorola Moto G5 Plus болса 10 баллдың 5,1-не ие болған. Galaxy Note 8, Google Pixel 2 XL, Huawei Mate 10 Pro және OnePlus 5T смартфондары 4,3 балл ғана жинаған. iPhone SE смартфоны - көш соңында. Шыдамдылығы бойынша 3,9 баллмен бағаланған. Зерттеу қорытындысы бойынша ең "әлсіз" смартфон саналып отыр.
Massaget.kz
30 мамыр 2018 ж. 1 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031