Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » iPhone Х пайдаланушылары жаппай шағымдануда

iPhone Х пайдаланушылары жаппай шағымдануда


Apple iPhone X қолданушылары аталған смартфонға байланысты шағымдарын жазуда. Бұл туралы Digital Trends порталы хабарлады. Олардың айтуынша, келген қоңырауды қабылдауға кедергі көп. Яғни қоңырауды қабылдайтын батырманы басқанда, телефон өздігінен қатып қалатын көрінеді. Мәселені зауыттық параметрлерін қалпына келтіру арқылы шешуге болады, бірақ біраз уақыттан кейін ақау қайталанады екен. Apple мамандары қолданушылардың шағымдары бойынша ақауды зерттеп жатыр. іPhone X смартфоны қарашада сатылымға шыққан. Модель иелері бірнеше рет гаджеттің ақаулары туралы хабарлаған. Apple компаниясының бас директоры Тим Кук компанияның жаңа смартфондар желісінің рекордтық кірісі туралы бұрын айтқан болатын. Ал бұқаралық ақпарат құралдары iPhone X өндірісіндегі төмен сұранысқа байланысты аталған смартфон шығарылымы тоқтатылуы мүмкін екенін жазады.
24.kz
05 ақпан 2018 ж. 1 041 0