Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда Apple компаниясының деректер орталығы салынады

Қытайда Apple компаниясының деректер орталығы салынады


Apple компаниясының Қытайдағы деректер орталығының құрылысы биыл басталады. Орталық жұмысын 2020 жылы бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды xinhuanet.com. Деректер орталығы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясынан орын тебеді. Жобаға 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция құйылады. Жаңа Гуйань ауданында бой көтеретін, 67 гектарлық орталық Қытай аумағында iCloud қызметтерін жеткізумен айналысады. 28 ақпаннан бастап Қытайдағы iCloud қызметтерін жергілікті Guizhou-Cloud компаниясы атқарады. Орталық жұмыс істей бастағанға дейін компания iCloud қызметтерін ұсыну үшін Қытайдың үш ірі байланыс операторларынан серверлерді жалға алады. Гуйчжоу - Қытайдағы төмен дамыған аймақтарының бірі. Бірақ ол жайлы климаттың және инфрақұрылымның арқасында үлкен мүмкіндіктерге жол аша алады. Apple

Egemen.kz
04 ақпан 2018 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30