«Алтын белгімен» 54 түлек бітірді
Өткен аптада №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде «Жолың болсын, жас түлек – 2021» атты салтанатты аттестат тапсыру кеші өтті.
Түлектер өмірінде ерекше орын алатын салтанатқа аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нәсибеков, мектеп мұғалімдері, ата-аналар және ардагер ұстаздар қатысты. №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде 7 жас түлек алтын белгі иегері атанып, ұлағатты ұстаздардың сенімін ақтай білді.

Қазіргі таңда, он бір жыл бойы алған білімдерін сарапқа салатын ҰБТ-ға қатысып, білім шыңын бағындырған жас түлектердің аудан бойынша орташа көрсеткіші – 71,1 пайыз болса, 100 балдан жоғары жинаған оқушылардың саны 58, шекті деңгейден төмен нәтиже көрсеткен оқушы саны 62 болды. Осылайша, 1-10 маусым аралығында өткізілген мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесімен 54 оқушы «Алтын белгі», 74 оқушы «Үздік» аттестатқа ие болды. Сондай-ақ, Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының түлегі Сымбат Алматқызы сынақтан жоғарғы 138 бал жинады.
ҰБТ-дан 138 балл алған түлек Сымбат Алматқызының айтуынша, тест сұрақтары оңай болмапты.
– Таңдаған пәнім – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті. Мұғалім болғым келеді. Осыған дейін дайындалып жүрген тестілеуден сәл өзгерек демесеңіз, оқығанымның пайдасын көрдім. Қосымша сабаққа дайындалғанның көмегі көп болды. Өзім де іштей дайындалып, қорқынышты жеңуге тырыстым. Кірерде қорқыныш сезімі мүлдем болмады. Ұстазым Гүлнәр Қалмырза айтпақшы, оқысаң оңай дейтін еді. Тағы бір рет көзім жетті, – дейді Сымбат. Айта кетейік, ұлттық тест 30 маусымға дейін жүреді.
Осылайша, әрбір бітіруші түлектің мамандық таңдауда жаңылмай, өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалауына тілектеспіз. Өз ісін, кәсібін шексіз сүйетін адам ғана жақсы маман болып шығады.
Бақытжан БӘЙІМБЕТ