Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани нәр беретін жүздесу

Рухани нәр беретін жүздесу

Бейсенбі күні аудандық салтанат сарайында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев аудандық газеттің ардагерлерімен, кітапхана қызметшілерімен және «Өскен өңір» редакциясы ұжымымен кездесті. Басқосуда ардагер-журналистерге құрмет көрсетіп, келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында Аманжол Сақыпұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдықты таныстырып өтті.
Сонымен қатар, жиында «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары ­Айжан Абдуллаева мен «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әзиз Батырбеков сөз алып, бестомдықты әзірлеу кезінде кездескен қиындықтар мен қызықты деректерді бөлісті.
Кешке арнайы шақыртылған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Сыр журналистикасының және аудандық газеттердің тарихын жинақтап, кітап қылып шығару ісімен айналысқан серіктестік басшылығына алғысын білдірді. Сонымен бірге аудан көлемінде БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне ерекше дайындық жүргізіліп жатқандығын қуанышпен жеткізді.
Кеш соңында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұрмахан ­Елтайға, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тілеубек Бабасов пен аудан әкімдігіне кітаптың толық жинағы табысталып, құрмет көрсетілді.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
18 маусым 2022 ж. 468 0