Сыр журналистикасының тарихын зерттеуге университет ғалымдары үлес қосты
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері БАҚ өкілдерімен кездесті. «Заманауи сұранысқа ие журналиске қажетті қасиеттер» атты жиында ақпарат саласының бүгіні мен болашағы туралы кеңінен айтылып, қазіргі өзгерістер талқыланды. Сондай-ақ, жиында «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығын даярлауға үлес қосқан университет оқытушылары марапатталды.
– Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде журналистика мамандығының ашылғанына 25 жылдан асты. Біз қашан да өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыстамыз. Қазір өңірде жұмыс істеп жүрген журналистердің 70 пайызы – біздің түлектер. Олардың қол жеткізген жетістіктерімен мақтанамыз.Жиында университет түлегі, «Сыр медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев еліміздегі өңірлер арасында алғаш рет ақпарат саласының өкілдері өз тарихын зерттеп, зерделеп, бос томдық кітап даярлағанын атап өтті. Сондай-ақ, «Сыр журналистикасының тарихы» еңбегін жазуға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары үлкен үлес қосқанын жеткізді.
Біздің түлектердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және университет жұмысын ақпараттық тұрғыдан насихаттауға жергілікті ақпарат құралдары әрдайым қолдау білдіріп келеді, – деді университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова.
Кездесу барысында алдағы уақытта да екі жақты әріптестік байланысты нығайту шаралары талқыланды.
«Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының шығуына үлес қосқан Бағдат Кәрібозұлы, Ғабит Тұяқбаев, Сағат Тайман, Зухра Ермағанбетова, Асыл Оразова, Аягөз Абдразахова, Гүлзира Оралова сынды зерттеушілер облыс әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталып, көптомдық табысталды.
Айта кету керек, кездесуге «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасарлары Айжан Абдуллаева, Дәурен Омаров, қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті редакторының орынбасары Гүлмира Ділдәбекова қатысты.