Аттестат алып қолына, аттанды түлек үлкен өмір жолына

– Әбден ескірген мектеп ғимаратының орнына қаражат мәселесі тездетіп шешілсе 2023 жылы, шешілмеген жағдайда 2024 жылы жаңа мектеп ғимараты бой көтермек.
Жалпы алғанда аудандағы білім мекемелері оқушылары мен түлектерінің жеткен жетістіктері аз емес. Мәселен, биыл аудан бойынша мектепті 936 түлек бітірсе, 781 бала Ұлттық біріңғай тестілеу тапсыруға өтініш білдірген. Оның ішінде 32 түлек «Алтын белгі», 96 түлек «Үздік аттестат» игері атанған. Ал аудан бойынша 130 балл ең жоғарғы көрсеткішіне «№127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейдің» оқушысы қол жеткізген. Ал жетістікке жеткен балалар қатарына IV республикалық Абайтану олимпиадасының I орын иегері Рәбибі Орманбекованы, республикалық байқаулардың жүлделі орын иегері Диана Баймырзаеваны, балалар киносының республикалық фестивалінің жүлделі орын иегері Хасана Мейрамбекті, халықаралық «Абай – дана, Абай – дара қазақта» шығармашылық байқауының I орын иегері Жәния Әлібаеваны, республикалық үстел теннисі жарыстарының жүлдегері Сәкен Абдулланы жатқызуға болады.
Рамазан ӘНӘПИЯ