Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қадам

Жаңа қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқандай, Конституцияға түзетулер енгізу туралы жарлығы бойынша 5 маусымда референдум өтпек.
Референдум дегеніміз – бұл Конституцияға өзгерістер енгізу туралы, бүкіл халықтың дауыс беру рәсімі. Референдум республиканың барлық аумақтарында өткізіледі. Оған кәмелетке толған азаматтар қатыса алады.
Елімізде Конституцияға 1998, 2000, 2007, 2011 жылдары толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын. Конституция мемлекеттің Ата заңы ең жоғары заңдық күші бар барлық заңдардың базасы. Конституция мемлекеттің негізгі заңы өркениетті қоғам Конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды.
Бұл жолғы референдумның ерекшелігі Президент өз өкілеттігін кеңейтуді емес, қайта билік пен халықтың арасын жақындатуды көздеп отыр. ҚР-ның Конституциялық Заңында 98 бап, 9 тарау бар.
1 тарау – құрылымы, ережелер, 2 тарау – адам және азамат, 3 тарау – Президент жайлы, 4 тарау – Парламент жайлы, 5 тарау – Үкімет, 6 тарау – Конституциялық кеңес туралы, 7 тарау – соттар және сот төрелігі, 8 тарау – жергілікті мемлекеттік басқару,өзін өзі басқару, 9 тарау – қорытынды өтпелі ережелер.
Алдағы референдумда қабылданатын өзгерістер халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, құқықтық әлеуетін көтеруге бағытталған. Осы референдумның негізінде билік пен халықтың жолы бірігеді, елімізде тамыры тереңге жайылған сыбайлас жемқорлық жолына тосқауыл қойылады халықтың әлеуметтік, материалдық, құқықтық деңгейлері көтеріледі. Халықтың үміті, арманы, мақсаты, өмірге деген құлшынысы артады деген үміт бар.
5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен жалпыхалықтық референдумға қатысуға баршаңызды шақырамын.

А.О.Сармантаев,
ГРЭ-23 аумағының ардагерлер кеңесінің төрағасы
28 мамыр 2022 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930