ШАЛХИЯ ЦИНК ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша 5 маусымда республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум – қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі.
Осы орайда республикалық референдумды қолдауға бағытталған аудандық штабтың үгіт-насихат жұмыстары бастау алған болатын.
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Кесебаева Балайым Туғанбайқызы, Қызылорда облыстық маслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы "Шалхия ЦИНК" еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп атап өтті. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлес қосатындықтарын жеткізді. Өз кезегінде ауданның зиялы қауым өкілдері бұл жобаны қолдап, игі істерге бата берді.
Сондай-ақ, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізіп, 5 маусымда дауыс беруге шақырды.