ЧернобылЬ жарасы жазылған жоқ
1986 жылы 26 сәуірде әлемдегі ең жойқын техногендік апаттардың бірі – Украинадағы Чернобыль атом электр стансында жарылыс болды. Биыл осы қайғылы жағдайдың орын алғанына 36 жыл толып отыр. Сейсенбі күні Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында Қызылорда облысының Жастар Одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тағзым алаңында аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың қатысуымен «Чернобыль жүректегі жазылмас жара» атты митинг өтті. Митингке аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Бекішов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, чернобыль апатының ардагері Б.Әсемқараев және БАҚ өкілдері қатысты.
1986 жылдың қараша айына дейін Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға бүкіл Кеңес одағынан 650 мыңнан астам адам тартылды. Олардың арасында 32 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеді. Көпшілігі денсаулығынан айырылды және құрбан болды. Тарихтан Чернобыль апатының салдарынан Украинаның елеулі бөлігі мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағында радиоактивтік ластанудан халық өміріне зор қауіп төнгенін білеміз. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық қоныс аударылды. Ал радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады. Кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз. Жиында сол қайғылы апатта көз жұмғандарды ең әуелі 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Одан соң аудан әкімі Нариман Әскербекұлы сөз алды.
– Құрметті арадагерлер, қадірлі жерлестер! Жиырмасыншы ғасырдағы ең ірі техногенді апат деп саналған Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзат санасын сансыратып кетті. Апат зардабын жоюға 32 мың қазақстандық қатысқан болатын. Тек бір ғана апат радиоактивті түтіннің салдарынан 10 мыңдай адам мерт болып, қатысқандардың 80 процентінің денсаулығы сыр берді. Соның ішінде Шиелі ауданынан 80-ге жуық азамат қатысқан. Адамзат тарихындағы осы оқиға әрбір қазақстандықтың жадында мәңгі сақталмақ. Апатты аймақта сол кездегі өрімдей жас жігіттер бүгін ел ағасына айналып, парасатты тұлға өнегелі азамат ретінде ортамызда отыр. Ауданның қоғамдық саяси жұмысында белсенділік танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Егемен еліміздің игілігін бірге көрейік, – деді аудан әкімі.
Одан әрі құрбан болғандарды еске алу күніне орай Тағзым аллеясындағы Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылып, Құран бағышталды. Одан кейін апатты залалсыздандыруға қатысқан азаматтарға аудан әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан ардагерлерге жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша биыл 92000 бір мезеттік әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ