"Чернобыль": саяхаттаушылар саны артқан
Американың "Чернобыль" (Chernobyl) сериалы көпшілікке ұсынылғаннан кейін саяхатшылардың Чернобыльдің Беларуссиядағы бөлігіне қызығушылығы артқан. Бұл туралы Полесск радиацион-экология қорығының директоры орынбасары Максим Кудин мәлімдеді. Оның айтуынша, наурыз айында аталған аумақта 7 саяхатшы болған. Ал сәуірде келушілердің саны күрт артып 64-ке жеткен. Маусым-шілде айлары үшін саяхат күнтәртібі әлдеқашан бекітіліп қойған. "Айына 10 топтан болады", – дейді Максим. Туроператорларға Полесск қорығында саяхат ұйымдастыру құқығы 2018 жылы қараша айында берілген. Бұл жерге негізінен Польша, Нидерландия және бұрынғы КСРО құрамында болған елден саяхатшылар келеді. Бір топ үшін экскурсия құны 160-350 доллар аралығында.
Полесск радиацион-экология қорығы 1988 жылы радиобиологиялық және экологиялық зерттеулер өткізу үшін құрылған. Оның аумағында 96 қараусыз елді мекен бар. Айта кетейік, 5 бөлімнен тұратын "Чернобыль" сериалының алғашқы бөлімі 6 мамырда жарияланған. Сериал 1986 жылғы 26 сәуірде адамзатқа қаншама қасірет әкелген Чернобыль АЭС-індегі апат туралы баяндайды. Қысқа уақытта ол ең танымал сериалдардың көшін бастады.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/57506/