NASA 2020 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясына туристерді ұшырады
NASA 2020 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) саяхатшыларды ұшыруды қолға алады. NASA қаржы басқармасының басшысы Джефф ДеВитттің айтуынша, мұндай ғарышқа ұшудың құны шамамен 60 миллион доллар болады. NASA туристтердің Халықаралық ғарыш станциясында 30 күн болуын қамтамасыз етеді. Мұндай саяхаттар 1 жылда 2 рет ұйымдастырылады. "Қазір, біз 1 ғарышкер үшін 80 миллион доллар төлеп жатырмыз. Ал саяхатшылардың ұшуы бұдан арзан болады – шамамен 58 миллион доллар", – деді Джефф ДеВитт. Оның айтуынша, соңғы бағаны туристтерді станцияға ұшырумен айналысатын компаниялар – Boeing және SpaceX белгілейді екен. Саяхатшылар аталған компанияларға ХҒС-да өткізген әрбір күні үшін 35 мың доллар төлейді. NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті Айта кетейік, осыған дейін Илон Маск туристтер үшін ғарыш саяхатын ұйымдастыратын мәлімдеген болатын. Аталған мәлімдемеден соң, көп өтпей Жер серігіне баруды қалайтын да табыла кеткен. Алғашқы саяхатшыны Илон Маск арнайы баспасөз өткізіп таныстырды. Айға саяхаттайтын алғашқы турист – Юсаку Маэдзава жапониялық миллиардер, коллекционер. Жапонияның ең ірі Zozo интернет-дүкенінің негізін қалаушы. Форбестің бағалауынша, жеке байлығы 3 миллиард доллар. Айға ұшатын алғашқы турист жайлы не білеміз? Маэдзава: "2023 жылы ғарышқа саяхаттайтын алғашқы адам ретінде 6-8 өнер адамын менімен саяхаттауға шақырамын", – деген арнайы баспасөз кезінде. Ол Айға саяхат өнер адамдары үшін таптырмайтын шабыт көзі екендігін айтты. Және ол арманының орындалуына көмектескен Илон Маск компаниясының қызметкерлеріне алғысын білдірген еді.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/57451/