Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марста да жел соғады екен

Марста да жел соғады екен


BAQ.KZ. АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) мамандары Марс планетасындағы желдің дыбысы жазылған таспаны жариялады. Жақында Марстың бетіне қонған InSight аппаратындағы сейсмограф желтоқсанның 1-і күні шағын тербелісті тіркеген. Оған жылдамдығы сағатына 16-24 километрге дейін жететін Марстағы жел себеп болған.

InSight аппараты жазып алған таспадағы дыбыс Жердегі желдің соққанына ұқсайды. Ғалымдар аудиожазбаны жердегі құрылғыларда тыңдауға болатындай етіп қайта өңдеген. Ғарыш аппараты тіркеген дыбыс төмен жиілікте жазылғандықтан оның жиілігін екі октаваға көтеруге тура келген.
NASA агенттігінің InSight аппараты Марс планетасының бетіне қарашаның 26-ы күні қонған. Ол Марс қабатында болып жатқан процестерді бақылайтын болады. Ғарыш агенттігінің бас директоры Джим Брайденстайн адамзат бұған дейін Марс желінің дыбысын ешқашан естіп көрмегенін айтады.


Baq.kz сайты
09 желтоқсан 2018 ж. 1 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031