ExoMars қызыл ғаламшарды алғаш рет суретке түсіріп жіберді
Қазіргі сәтте зонд Марс бетінен 400 км биіктіктегі орбитада тұр. Суреттегі Патшайым кратерінің ұзындығы – 40 км, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
2016 жылы Марсқа ұшырылған TGO (Trace Gas Orbiter) зонды алғашқы суреттерін жіберді. Еуропа ғарыш агенттіктерінің хабарлауынша, суреттер CaSSIS құрылғысының көмегімен түсірілген. Бұл құрылғының басты миссиясы 28 сәуір күні басталады.
Қазіргі сәтте зонд Марс бетінен 400 км биіктікте, жұмыс орбитасында орналасқан. Оның басты мақсаты планета атмосферасын зерттеп, биологиялық белсенділіктің көрсеткіші болып табылатын газдарды іздеу.
Сурет түрлі-түсті үш кескіннен құралған. Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін NASA мамандарының Марсқа робот-барлаушылар ұшыратыны туралы айтылған еді.
Baq.kz