Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СҰЛУТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ...

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СҰЛУТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы Шиелі ауданына Іс-сапар барысында аудан өкілдерімен бірге Сұлутөбе ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде ауыл тұрғындары ұзындығы 13 км болатын жаңадан канал қазу бойынша ауылғы аяқ су жеткізу мәселесін көтерді. Сонымен қатар елді мекенге жаңадан спорт кешенін салу, табиғи көгілдір отынын (газ) кіргізу және жайылымдық жер мәселелерін айтты.
Мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарына жер мәселелері, суды үнемдеу, субсидиялау, жеңілдетілген несие беру жұмыстары, жерді тегістеуге қаржы бөлу, шаруашылыққа қажетті тыңайтқыш өнімдеріне тұрақты қолжетімділік бойынша талқылау жұмыстарын жүргізіп, ауылдың мәселелері бойынша өзінің қатаң бақылауына алатынын жеткізді.
Кездесулер барысында тұрғындар халық қалаулысына сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Халықтың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
21 ақпан 2022 ж. 863 0