Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЕҰ – ТАБЫСТЫ ТІРЛІК ЕТУДЕ

ҮЕҰ – ТАБЫСТЫ ТІРЛІК ЕТУДЕ

Бүгінде адам құқықтары мен халыққа әлеуметтік қолдау көрсетудегі үкіметтік емес ұйымдардың үлес салмағы артып келеді. Жалпы, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдар күнделікті айналысатын міндеттерді шешу үшін құрылған. Олардың қатарында аз қамтылған, науқас, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға қамқорлық жасау, жастарды тәрбиелеуге жәрдемдесу, мәдениетті сақтау және дамыту, Конституцияда кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды қорғау бар.
Апта басында ауданға облыстық ішкі сая­сат басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы А.Мукеев пен «Рухани жаңғыру орталығы» директорының орынбасары С.Сахиев арнайы келіп, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік жетекшілерімен кездесті.
Жиында сала мамандары қоғамдық кеңестер туралы ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және биылғы жылғы Кеңестер құрамын қалыптастыру тетіктері, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын дамыту жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық рухани жаңғыру кезеңіне көшіру туралы кеңінен ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы А.Смайлов, «Шиелі аналары» қоғамдық қорының өкілі, «Семей-Ақиқат-Шиелі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Әбсадықов, «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» Шиелі аудандық қоғамдық бірлестігі төрағасы Ғ.Байжанов облыстан келген сала басшыларына өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.
Қазіргі таңда көпшіліктің мұң-мұқтажын арқалап жүру қоғамның ең белсенді әрі ұйысқан бөлшегі – қоғамдық бірлестіктердің, жалпы үкіметтік емес ұйымдардың еншісінде болып отыр. Үкіметтік емес ұйым сондай-ақ, ақпараттық-әдістемелік, ұйымдық-техникалық, консультативтік қызметтер жүргізуде де табысты тірлік етуде. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қаржыландыру бірнеше есе ұлғайтылды. Сондай-ақ, олардың саны да артып келеді. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс арқылы іске асырылып жатқан жобалар санының көбеюі нақты жұмыстар нәтижесі.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
18 ақпан 2022 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930