Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста 421 мың адам екпе алған

Облыста 421 мың адам екпе алған

Нақтырақ айтсақ бүгінгі күнге дейін Қызылордада облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 93,1 проценті вакцина салдырғаны белгілі болды. Осының арқасында облыста соңғы 2 аптада індет жұқтыру жағдайлары төмендеп, эпидемиялық ахуал матрицасы бойынша «жасыл аймаққа» оралдық.
Ал Шиелі ауданындағы вакцинация қарқынына келер болсақ, ауданда 37 мың 661 адам екпе қабылдаған. Бұл екпе алуға қабілетті адамдардың 84 проценті. Шиелі, Жаңақорған, Арал ауданынан өзге барлық аудандарда меже 100 процентке орындалған. Ревакцинация жұмыстарына тоқталсақ, ауданда 7279 адам вакцинаның жаңа дозасын салдырғаны белгілі болып отыр.
Аймақта коронавирусқа қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылған. Сондай-ақ, шалғай ауылдарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын арнайы орындарда (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) вакцинация­лау жүргізілуде.

«Өскен өңір» ақпарат
08 ақпан 2022 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031