Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында тұрғындардың 81,5 пайызы вакцина салдырды

Қызылорда облысында тұрғындардың 81,5 пайызы вакцина салдырды

Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 81,5 пайызы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде коронавирус вакцинасын салдыру науқаны биылғы жылдың 1 ақпанынан басталды. Содан бері вакцинаның бірінші компонентімен 368 900 адам қамтылды. Ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 81,5 пайызы. Ал екінші компонентті қабылдағандар 296 727 (65,6 пайыз) адамға жетті. Қазірге дейін өңірде 18 866 коронавирус жұқтырған. Ал 18 059 адам қатерлі індеттен айықты (96 пайыз). «Қазіргі таңда №1 қалалық емхана, Жалағаш, Қармақшы аудандары коронавирусқа қарсы екпені салып аяқтады. Өңірде қатерлі індетке қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылған.Бұл орындар қажетті медициналық персоналмен жасақталған. Арнайы тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 80 мың ауыл тұрғыны скрининг тексеруден өтті.


https://www.inform.kz
03 қараша 2021 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031