Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай

Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай

Өткен аптада басталған ауыл әкімдерінің ФБ желісі арқылы тікелей қосылым өз жалғасын табуда. Қазірдің өзінде 17 ауылдық округтің әкімі әлеуметтік желі арқылы тікелей байланысқа шығып үлгерді. Ал келесі аптада Сұлутөбе, Тартоғай, Майлытоғай, Қоғалы, Талаптан ауылдық округ әкімдергі тікелей эфирге қосылады.
Ауданда басталған бұл бастаманың тиімділігі бірден байқалды. Себебі кез келген ауыл тұрғыны өз мәселесін тікелей басшыларға жеткізуге мүмкіндік алып отыр. Тікелей басшы дегенде ауылдық округ әкімі емес әрине аудан әкімін меңзеп отырмыз. Себебі ауыл әкімдерінің айтуынша, тікелей эфирде қойылған сұрақтар жинақталып, аудан әкімдігіне берілетін көрінеді. Айтылған сөз рас болса, көптеген мәселелер оң шешімін табады деген үміт бар.

Бидайкөл ауылында жаңа көпір соғылмақ
Бәйтерек ауылдық округі құрамына Бидайкөл, Ақтам, 22 бекет елді-мекендері кіретін, 2020 жылға дейін Гигант деп аталған аудандағы ірі ауылдық округтердің бірі. Орталығы – Бидайкөл ауылы.
Ауылдық округ әкімі Ж.Ақбергеновтың айтуынша, өткен жылы көптеген жұмыстар атқарылған. «Өткен жылдың басты жаңалығы ретінде Бидайкөл елді мекенінің Ынтымақ көшесін орташа жөндеу жұмыстары, М.Шоқай көшесі бойына жаяу жүргіншілерге арналған жол салу және аталған көшелерде көше жарығы бағаналарын қалпына келтіру жұмыстарын айтуымызға болады» деді ауыл әкімі.
Алайда ауыз толтырып айтарлық жетістік ретінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын емес, ауылдық округтегі мал жайының бір жүйеге келтірілуін айту керек секілді. Өйткені ауылдық округте 3 мал падасы ұйымдастырылып, тұрғындардың малын бағу үшін бақташлырмен келісімшарт жасалынған. Көптеген ауылда шешімі табылмаған бұл мәселенің Бидайкөл ауылдық округінде шешілгені әрине үлкен жетістік.
Ал биылғы жылдың еншісіндегі жұмыстарға келер болсақ, Бидайкөл ауылына кіреберістегі апатты жағдайда тұрған көпір жаңартылмақ. Оның құрылыс мерзімі 4-5 айға созылуы мүмкін екен. Ені 12 метр, ұзындығы 9 метр болатын жаңа көпірдің екі жанында жаяу жүргіншілер жолы да болады.
Ауыл тұрғындарының сауалдарына келер болсақ, әлеуметтік желідегі тікелей көрсетілімде ауыл тұрғыны Мұқанбетжан Салқынбаевтың ерекше белсенділігі байқалды. Оны мазалаған сауалдардың қатарында Бидайкөл ауылына арка қою мәселесі, жекенің қолына өтіп кеткен балалар шағын футбол алаңын әкімдікке кері қайтару, М.Шоқай көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының бітпей қалуы, 2019 жылы соғылған Сквердің қараусыз қалуы секілді мәселелер бар.

Нартай Бекежановтан әлем чемпиондары шығып жатса таңқалмаңыз
Керделі ауылдық округінде бүгінде 500-ден астам отбасы мен 280-нен астам халық тұрады. 244 отбасының тұрғын үйлері жаңадан соғылып, ауыл бойынша жаңа үйлердің үлесі 46 процентке жеткен. Өткен жылдың басты жаңалығы ретінде ауылда газ жүйесін тарту жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілгенін айтуға болады. Қазірдің өзінде 300-ден астам үй көгілдір отынға қосылып, от жағудың машақатынан құтылған. Сондай-ақ, өткен жылы М.Қалдыбаев, Н.Бекежанов көшелеріне асфальт жабыны төселген. Ауыл балалары мен жасөспірімдерді бұқаралық спортқа баулу мақсатында М.Әуезов көшесі бойына ойын алаңы мен ашық жаттығу алаңы соғылған. Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік-әріптестік аясында 180 орындық спорт кешені пайдалануға берілген. Бүгінгі күні кешенде қазақша күрес, баскетбол, волейбол, таэквондо, фитнес жаттығу залдары жұмыс істеп тұр.Қазақша күрес үйірмесіне қатысып жатқан жеткіншектерді Әлем Чемпионы атанған білікті бапкер Ержан Алиев жаттықтыруда. Сонымен бірге ауылда кәсіпкерлік саласының да аяқ алысы жаман емес. Мәселен шағын кәсіпкерлік бағыты бойынша 9 сауда нүктесі мен 2 монша жұмыс істейді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылда 15 көшеге асфальттау жұмыстары жоспарланса, бірқатар трансформаторлар күрделі жөндеуден өтпек.
Байқағанымыз көпшіліктің ауыл әкіміне деген көзқарасы түзу. Атқарлыған жұмыстар мен тың бастамаларына сәттілік тілеп жатқандары жетерлік. Сондықтан болар мәселесін айтып, шағымданғандар көп болмады. Тек бірнеше тұрғын өз ұсыныстарын білдірді. Мәселен, Разия Ысқақова есімді тұрғын «ауылға қатынайтын ауданаралық жүргіншілер тасымалдайтын газель Алмабақ бағытымен жүрсе, А.Иманқұлов көшесінік соңғы жағына бір жарық шамын қойып берсеңіз» деген ұсынысын айтты.

Рамазан ӘНӘПИЯ
04 ақпан 2022 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031