Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі мерекелі кеш

Мерейлі мерекелі кеш

Арман мәдениет үйі де жылдағы дәстүр бойынша жаңа жыл мерекесін тойлады. Апта басында кент әкімі Ғабит Аманжоловтың қатысуымен «Жаңа жыл – жаңа бастау» атты кеш өтті.
Мерекелік шара бары­сында кент әкімі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар сала мамандарын алғыс хаттармен марапаттады.
– Бірлігі бекем, тірлігі түзу азаттықтың туы желбіреп, 30 жылдығын тойлаған тәуелсіз елімізге жаңа 2022 жыл қадам басып келеді. Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді дана халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың, жасампаздық пен жарқын жеңістердің жылы болды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өзінің стратегиялық мақсатына жақындап келеді. Тәуелсіз ел тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екендігін дәлелдеп, ұлы далада ұлт атауымен мемлекет құрған бабалар рухына тағзым етілді.
Аудан халқы адамзатқа індет келген ең қиын кездерден де өтіп келеді. Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, дән атасы Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығын тойлап, ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Озат» аудан атандық. Кентте қаншама демалыс орындарын ашып, көпқабатты үйлерді салдық.
Көптеген денсаулық, спорт мекемесі салынып, ауылдарға көгілдір отын берілді. Аудан тазарып, жарықтанды. Әрине, ауданның өркендеуі – оның барлық тұрғындарының өркендеуі. Себебі, ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды. Жалпы 2021 жыл еліміз үшін – саяси оқиғаларға толы, әлеуметтік-экономикалық жаңару, даму жылы болды, – деді.
Мерекелік кеш соңында кент әкімі Ғабит Аманжолов ауданның келешегі үшін қызмет атқарып жүрген барша азаматтарға, мәдениет саласы қызметкерлеріне береке мен бірлік, тыныштық, мол жақсылық тіледі.

Г.ЯХИЯ
31 желтоқсан 2021 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031