Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сый-сияпатқа бөлеген сындарлы жыл

Сый-сияпатқа бөлеген сындарлы жыл

Сәрсенбі күні аудандық мәдениет үйінде ­­­­2022 – ­Барыс жылын қарсы алу және жыл қорытындысымен үздіктерді марапаттау ­салтанатты кеш өтті. Айтулы кешке Аудан әкімі Н.Мақұлбеков аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ал, кеш шымдылдығын Аяз ата ашып:
– Армысыздар, әр күнін арайлаған, жан жүрегінде ән ойнаған аудан тұрғындары және құрметті қонақтар. Шиелі қасиет қонған, адамдық айдарлаған мекен. Елдің көркін көзбен көрдім. Шиелі қанатын жайған екен. Тілегім жер бетіне жақсылық жауһарласын. Аяз аталарың сендерге таусылмас бақыт тілейді.
Ұлдарым мен қыздарым,
Пейілі дархан даладай,
Көңілі пәк бала­дай.
Туыс пен досқа тұғыр боп,
Қазақтың елі жасасын.
Ешкімменен қастаспай,
Барша жұртпен достасқан,
Бәйтерегі шарықтап.
Аспанменен астасқан.
30 жасты тойлаған,
Тәуелсіздік жасасын, – деп ақ тілегін жеткізді. Содан кейін жаңа жылдың жаршысындай болып, барыс ортаға шықты. Жай шығып қоймай, өз жылының қандай берекелі, мерекелі болаты­нын өлең жолдарымен былай жеткізді:
Уа халайық мен келдім,
Жылым жарқын, істегенім алтын.
Керемет жыл боламын,
Табыстар таудай болады.
Бақшамыз баудай болады.
Одан әрі мерекелік кеш бүлдіршіндердің жаңа жылдық биімен жалғасып, түрлі қойылымдар көрсетілді. Ал, кештің ресми кезеңінде аудан әкімі Нариман Мақұлбеков сөз алып, барша аудан тұрғындарын биылғы 30 жылдық мерейтоймен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Бірлігі бекем, тірлігі түзу, азаттықтың туы желбіреген тәуелсіз елімізге жаңа 2022 жыл қадам басып келді. Жаңа жыл әр адамның жүрегінде жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Қай-қайссымыз болса да, әдеттегідей жаңа жылдан жағымды жаңалықтар күтіп, алдымызға мақсат-міндеттер белгілейтініміз сөзсіз. Барыс жылына Шиелі ауданы зор жетістіктермен келді деуге толық негіз бар. Сондықтан аудан азаматтарының осы бағыттан таймай, алдағы уақытта бірлік пен ынтымақтың арқасында толғай табыстарға жетіп, сан салада алдыңғы қатардан көрінуіне тілек білдіремін.
Құттықтау сөзден кейін, Нариман Әскербекұлы өңірде еңбегімен дараланған әр түрлі сала қызметкерлерін марапаттау салтанатына көшті. Мәселен, кеште Еңбек ардагері, Бәйтерек ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен ­Назарбекова, ауылшаруашылығы саласының ардагері Шахзатхан Қалымбетов, Еңбек ардагері, атсейіс Әуезхан Қыдырбаев, Бестам ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы Қазима Дүрімбет, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Гаухар Құлмырза, Мемлекет және қоғам қайраткері Бахытжан Қодаманов, «Семізбай-U» ЖШС-нің «Иіркөл» филиалының директоры Мұқанбетжан Салқынбаев, мәдениет саласының ардагері Әлмырза Ноғайбаев, Еңбек ардагері Айдарбек Сәрсенбаев, «ЭГУС петролиум ЛТД» директорлар кеңесінің атқарушы директоры, кәсіпкер Бахтияр Абдраманов, «Құрмет» орденінің иегері Гүлсара Алтынбекова, «АИС» акционерлік қоғамының төрағасы Ерлан Мұстафаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, айтыскер ақын ­Кенжебай Жүсіп, ардагер-ұстаз, облыстық білім қызметкерлері ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ерденбек Мұқанов, «Арғымақ» ЖШС директорыныңы орынбасары, VI шақырылым мәслихат депутаты Нәсіпбай Көпенов, Тұран ауылдық округі, «Парманқұл халпе» мешітінің имамы Алмас Парманқұл, Еңбек ардагері Дәулетбай Барғанаев, «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры, мәслихат депутаты Қалмырза Қасымов сынды еңбегімен дараланған азаматтарға «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.
Сондай-ақ, бұл кеште ауданда жыл бойына өз саласында табысты еңбек етіп келген түрлі сала мамандары марапат биігінен көрінді. Атап айтар болсақ, 2021 жылдың қорытындысымен Шиелі ауданының экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік инвестор - 2021» номинациясымен «КНК Кемикал» ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Алтынбек Құлахметов, кәсіподақ еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғағаны үшін «Үздік кәсіподақ ұйымы - 2021» номинациясымен «Волковгеология» АҚ-ның «Оңтүстік ВГ» филиалы №23 Экспедициясының бас энергетигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы ­Мейрамбек Абдиров, өндіріс қуаттылығын арттыруда қосқан үлесі үшін «Үздік өндіріс озаты-2021» номинациясымен «Шиелі-Жолшы» ЖШС-нің темір бетон өндіру зауытының басшысы Алмас Абдуллаев, кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін «Үздік кәсіпкер-2021» номинациясымен жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Патима Маханбет, Әлеуметтік салаларда атқарған мейірімділік шаралары мен қайырымдылық қызметі үшін «Жыл қамқоршысы-2021» номинациясымен жеке кәсіпкер Сағындық ­Тынысбек, аналарға қайырымдылық пен мейірімділік танытқаны үшін «Үздік үкіметтік емес ұйым жетекшісі – 2021» номинациясымен «Шиелі Аналары» қоғамдық қорының төрайымы Гүлзинат Сағындықова, волонтерлік жұмысты ұйымдастырып, еріктілік қызметтегі белсенділігі үшін «Үздік волонтер-2021» номинациясымен Қызылорда облысының «Тұлға тағлымы», «Ел құрметі» қоры филиалының төрайымы Маржан Сәдуақасова, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «Үздік дәрігер-2021» номинациясымен Шиелі ауданаралық ауруханасының рентгенолог, фтизиатр дәрігері ­Лашын ­Дуйсеманов, аудан халқының денсаулығын сақтау бағытындағы медициналық қызмет көрсетуге қосқан үлесі үшін «Үздік мейіргер-2021» номинациясымен Шиелі ауданаралық ауруханасының жалпы тәжірибелі аға мейіргер ­­Мира ­Битаева, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік ұстаз-2021» номинациясымен №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі ­Орынша Курасбаева, саналы өскелең ұрпақтарды тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін «Үздік тәрбиеші-2021» атағымен Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасының» тәрбиешісі Жансая ­Мырзахметова, әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік әлеуметтік қызметкер- 2021» номинациясымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Қымбат ­Жаханова, мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік мәдениет қызметкері-2021» номинациясымен Шиелі аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінің оркестр жетекшісі Әділбек ­Ташимов, Халықаралық, республикалық деңгейде жоғары спорттық табыстарға жеткені үшін «Жыл спортшысы-2021» номи­на­циясымен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының халықарлық дәрежедегі спорт шебері, азия біріншілігінің қола жүлдегері ­Айзада Мүптілда марапатталды.
Бұл кеште біздің әріптесіміз, «Өскен өңір» газетінің дизайнері Ерұлан Даткенов ауданның бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін «Жылдың үздік тілшісі-2021» номинациясын иелесенсе, «Үздік жаңалық жаршысы - 2021» номинациясын облыстық «Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі Асқар Тәжиев марапатталды.
Сонымен бірге, аудан жастары арасында мәдени жұмыстарды кеңінен ұйымдастырып, ұлттық дәстүрге қосқан үлесі үшін «Үздік белсенді жас-2021» номинациясымен «Арман» мәдениет үйінің аккомпаниаторы Өміржан Мінуаров, ауыл шаруашылығы саласының дамуы­на қосқаны үлесі үшін «Үздік ауылшаруашылық қызметкері-2021» номинациясымен «Айболат» шаруа қожалығының төрағасы Қанат Сәулебеков, орман шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін «Жыл орманшысы-2021» номинациясымен Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесіне қарасты Жөлек орманшылығының орманшылық басшысы Серік Есенов, су шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін «Жыл мұрабы-2021» номинациясымен «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің су реттеушісі Сейтхан Қазантаев, ветеринария саласына қосқан үлесі үшін «Жыл ветеринары-2021» номинациясымен Тартоғай ауылдық округінің ветеринар пункт меңгерушісі Ерлан ­Базарбеков, құрылыс саласына қосқан үлесі үшін «Жыл құрылысшысы-2021» номинациясымен «Реммашқұрылыс» ЖШС-нің V-дәрежелі дәнекерлеуші Байділда ­Абылбеков, жолаушылар тасымалына қосқан үлесі үшін «Үздік жолаушы тасымалдаушысы -2021» номинациясымен «Ақсу Шиелі» ЖШС-нің жолаушылар тасымалдау бригадасының бригадирі Сәбит Бейсенбаев, теміржол саласына қосқан үлесі үшін «Үздік теміржолшы-2021» номинациясымен Шиелі теміржол вокзалының бастығы Алмат Досымов, байланыс саласына қосқан үлесі үшін «Үздік байланыс қызметкері-2021» номинациясымен «Еңбекші» ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығы Бекжапбарова Айгүл, Аудан тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсеткені үлесі үшін «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші-2021» номинациясымен Қызылорда облысы халыққа қызмет көрсету бойынша Шиелі аудандық бөлімінің жетекші маманыі Нұрболат Қосаев, Шиелі ауданының елді мекендерін, әлеуметтік - өндіріс обектілерін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз еткені үшін «Үздік энергетик-2021» номинациясымен Шиелі аудандық электр торабының электромонтер маманы Абуали Нурумбетов, төтенше жағдай саласына қосқаны үшін «Жыл құтқарушысы-2021» номинациясымен Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Қайролла Нұрымбетов, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қосқан қызметі үшін. «Жыл сақшысы-2021» номинациясымен Шиелі ауданының Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нурдос Жакипов, ауданның қаржы-экономикалық саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Жыл қаржыгері-2021» номинациясымен Шиелі аудандық қазынашылық басқармасының бас маман бас-қазынашы Ерлан Базарбай, ауылдағы саяси ахуалды тұрақты ұстап, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік ауыл әкімі-2021» номинациясымен Қоғалы ауылдық округінің әкімі Ғазиз Сейтов, Мемлекеттік органдардың қызметін жоғары деңгейде үйлестіруге, мемлекеттік қызметтің ролін дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші-2021» номинациясымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев сынды сала үздіктерін марапаттады.
Марапаттау сәтінің соңында «Сала үздіктері» мен «Ауданның құрметті азаматтары» естелік суретке түсіп, кеш а өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Рамазан Әнәпия
31 желтоқсан 2021 ж. 717 0