Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛАЛ АСХАНА АШЫЛДЫ

ХАЛАЛ АСХАНА АШЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай облыста, аудан орталығында бірнеше әлеуметтік нысандар ашылуда. Соның қатарына Шиелі кентінде ашылған халал асхананы да жатқызуымызға болады.
«ДОСТАР» деп аталған бұл қоғамдық тамақтану орнының ерекшелігі халал тағамдар ұсынбақ. Ал асхананы жеке кәсіпкер Ратаева Райса Жақыпқызы салған. Заманауи әдемі сәулетімен бой көтерген асханасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбеков, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы А.Есім, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша қазіргі таңда аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Биылғы жылы ауданда шағын және орта кәсіпкерлердің саны 5398-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 105,4 пайызға артқан.

«Өскен өңір» ақпарат
21 желтоқсан 2021 ж. 908 0