Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрқашан нәтижені жақсартуға тырысады

Әрқашан нәтижені жақсартуға тырысады

Марат Әбсадықов газ-электр дәнекерлеушісі мамандығын әскер қатрында жүріп игерген еді. Ол Мәскеу қаласында жалпы жұрт «стройбат» деп атайтын құрылыс әскерлері қатарында қызмет етті. Әскери оқу бөлімінде тас қалаушы, ағаш ұстасы, монтажшы , сылақшы мамандықтарының барлық түрлеріне таңдау болды, бірақ жерлесіміз газ электр дәнекерлеуші боламын деп шешті . Мараттың бұл мамандығы «гражданкада» да екен үлкен сұранысқа ие екен. Негізінде әскер қатарына шақырылған жігіттерді қару ұстаудан бөлек, ең болмаса бір азаматтық мамандыққа баулыған, дұрыс деп ойлаймын .
Біздің кейіпкеріміз қазір"РУ – 6" ЖШС өнімді ерітінділерді өңдеу учаскенің 6-разрядты газ-электр дәнекерлеушісі ,еңбек озаты.
Кен басқармасына дейін ол екі жыл ішінде өз шеберлігін №31 "Главриссовхозстрой"жылжымалы-механикаландырылған колоннасында жетілдірді .
2002 жылдан бастап, Марат біздің өңірдегі ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі Шиелі №6 кен басқармасында жұмыс істейді. Мараттың өмірлік ұстанымдарының бірі
- Мен бәрін білемін және бәріне қол жеткіздім деп ешқашан айтпайды. Мысалы, ол кәсіпорынның еңбек ардагері Әбубәкір Мырзабаевтан көп нәрсені үйренді. Айта кету керек, "РУ-6" ЖШС-де тәлімгерлік жұмыс жақсы жолға қойылған. Жұмысқа түскен маманға тәлімгер бекітіледі, ол оған кәсіби шеберліктің құпияларын үйретеді . Осы жұмыстың қорытындысы бойынша қазір барлық бөлімшелерде өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейді және олардың бірі- Марат Әбсадықов.
Ол өз ісінің білгірі ғана емес, сонымен қатар үлгілі отбасының басшысы. Жұбайы Анар екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Өз кәсіпорны мен ауданының қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Кезінде Шиелі ауданының құрама сапында футболдан облыс чемпионы болған . Спортта да ,еңбекте де ол еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен, нәтижені жақсартуға деген ұмтылысымен ерекшеленеді . Өндірістегі және спорттағы жетістіктері үшін ол бірнеше рет дипломдармен, грамоталармен ,сыйлықтармен , бағалы сыйлықтармен марапатталды .
- Әрине, сіздің жұмысыңыз осылай бағаланғанса әрқашан қуанасың ғой , бірақ менің ойымша, бұл ең бастысы емес .
Еңбек ұжымы біртұтас организм сияқты. Әркім өз жұмыс орнында тапсырманы жоғары деңгейде орындауы керек , сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Бұл тұрғыда менің жолым болды деп айта алам, пікірлес адамдармен және өз ісінің нағыз шеберлерімен бірге жұмыс істеймін деді М.Әбсадықов.
Мақсұт Ибрашев
20 желтоқсан 2021 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930