Майталман Марат
Көп жағдайда, әскерде алған мамандық «гражданкада» негізгі болып жатады, басқаша айтқанда өмірлік жолдамаға айналады. РУ-6 ЖШС өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесінің алтыншы разрядты газ электр дәнекерлеушісі Марат Әбсадықовтың өмірбаяны соның бір дәлелі.
Ол Мәскеуде құрылыс әскерлерінде қызмет етті. Әскери оқу бөлімінде жауынгерлерге тас қалаушы, ағаш ұстасы, монтажшы, сылақшы газ электр дәнекерлеуші мамандықтарын үйренуге мүмкіндік жасалды. Біздің жерлесіміз көп ойланбастан газ электро дәнекерлеушілікті таңдады.
Қызметтің екі жылында ол өз ісінің шебері атанды, көтерілді және туған өлкесіне қайтып оралған кәсіби маманды Главриссовхозстройдың №31 жылжымалы механикаландырылған колоннасының басшылығы бірден жұмысқа қабылдады.
2002 жылдан бастап Марат №6 Шиелі кен басқармасында жұмыс істейді. Мараттың бір қасиеті – ол ешқашан болдым-толдым демейді. Ол осы кәсіпорынның еңбек ардагері Әбубәкір Мырзабаевтан көп нәрсені үйренді.
Айта кету керек, «РУ-6» ЖШС тәлімгерлік үрдіс жақсы жолға қойылған. Жұмысқа түскен маманға тәлімгер бекітіледі. Ол оны кәсіби шеберліктің құпияларына үйретеді. Осы жұмыстың қорытындысы ретінде, қазір барлық бөлімшелерде өз ісінің нағыз мамандары бар және Марат Әбсадықов солардың бірі.
Жұбайы Анармен бірге ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. Ол өз кәсіпорыны мен ауданының қоғамдық және спорттық өміріне белсене қатысады. Өз уақытында Шиелі ауданының құрамасында футболдан облыс чемпионы атанды. Еңбекте де, спортта да еңбекқорлығы, жауапкершілігі, талпынысы ерекше. Өндірістегі және спорттағы жетістіктері үшін ол бірнеше рет дипломмен, грамотамен, сыйлықпен марапатталды.
– Әрине, еңбегіңнің осылай бағаланғаны жақсы ғой. Бірақ менің ойымша, бұл ең бастысы емес. Еңбек ұжымы – біртұтас организм. Және әркім өз жұмыс орнында қойылған міндетті жоғары деңгейде орындауы тиіс және сонда ғана ұжым табысқа жетеді.
Бұл тұрғыда менің жолым болды. Мен өз ісінің нағыз шеберлерімен және ұйымшыл әрі еңбекқор әріптестеріммен бірге жұмыс істеймін, – деді М. Әбсадықов.
Мақсұт ИБРАШЕВ.
Сурет автордікі.